Жаңа орынбасар төрт салаға жетекшілік етеді
Кеше облыс әкімдігінде өңір басшысы Асқар Мырзахметов облыс активіне аймақ басшысының жаңа орынбасарын таныстырды. Ол – еңбек жолын алғаш киелі Әулиеата жерінен бастап, түрлі лауазымдық қызметтерді атқару арқылы күні кешеге дейін Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы болған Талғат Момышев.
Талғат Амангелдіұлының өмірбаяны таныстырылған алқалы жиында облыс әкімінің орынбасарларының жетекшілік ететін салалары қайта қаралды.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті халық саны 2 мың адамнан асатын ауылдық округ деңгейінде, ал 2020 жылдан бастап барлық жерлерде мемлекеттік бюджеттің 4-деңгейі ретінде енгізілетін дербес бюджет жайлы айтқан Асқар Исабекұлы: «Аудан және облыс экономикасын дамыту өте маңызды. Тұрғындар ғана емес, ауыл әкімдерінің өздері де түсінбей отырған 4-бюджетті қалыптастыруымыз қажет», – дей келе, жаңадан тағайындалған орынбасарына қаржы және экономика салаларын тапсырды. Бұған қоса түрлі сатыда қызмет ете жүріп жинаған мол тәжірибесі мен спортпен шұғылданғандығы ескеріле отырып, әкім орынбасарына тіл және спорт сықылды 2 салаға да бақылау жасайтындығы баса айтылды. Ал өңіріміздің идеология саласына енді облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков жетекшілік ететін болды.
Жиын соңында облыстық мәслихаттың хатшысы Бағлан Қарашолақов Талғат Момышевты жаңа қызметімен құттықтай отырып, абырой биігінен көрінуіне тілектестік білдірсе, облыс әкімінің орынбасары да өз кезегінде жиылған көпшілікке алғысын жеткізді.
Альмира Омарова
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді