ЕҚЫҰ Қарабақ жанжалын жедел шешуге шақырды
ЕҚЫҰ төрағасы Дидье Буркхальтер, сондай-ақ Минск тобының мүшелері Игорь Попов, Джеймс Уорлик және Жак Фор Қарабақ аймағындағы зомбылықтың өсуіне алаңдаушылық білдірді және жанжалдасушы тараптарды оны шешу үшін шұғыл іс-қимылға шақырды, делінген ЕҚЫҰ мәлімдемесінде. «Олар (ЕҚЫҰ төрағасы және Минск тобының мүшелері) Армения мен Әзербайжан президенттеріне шиеленісті тарқату мақсатында шұғыл шаралар алу жөнінде өтініш жасады, сондай-ақ атысты тоқтату туралы келісімді құрметтеуге шақырды», делінген мәлімдемеде. Сонымен бірге, Минск тобының мүшелері және ЕҚЫҰ төрағасы қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты.
Бейсенбі күні, 31 шілдеде мойындалмаған Таулы-Қарабақ Республикасының армиясы шекарада екі әскери қызметшілерінің мерт болғанын, ал әзербайжан Қорғаныс министрлігі тоғыз әскери қызметінің қазаға ұшырағанын хабарлады. Сенбі күні әзірбайжан Қорғаныс министрлігі қақтығыс шегінде 1 тамыздан 2-сіне қараған түні атыс болғанын, төрт адамынан айрылғанын хабарлады. Мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасы өз тарапынан бір әскери қызметшінің қаза болғанын хабарлады.
Қарабақ жанжалы 1988 жылғы ақпанда басталды, негізінен армян басым Таулы Қарабақ автономиялық облысы (ТҚАО) Әзербайжан КСР-і қарамағынан шығатынын мәлімдеді. 1991 жылғы қыркүйекте ТҚАО орталығы Степанакертте Таулы Қарабақ Республикасы құрылғанын жарияланды. Ресми Баку бұл актіні заңсыз деп таныды және кеңес жылдары өмір сүрген Қарабақ автономиясын таратты.
Бұдан кейін басталған қарулы жанжал 1994 жылғы 12 мамырға дейін татуласу туралы келісім күшіне енгенше жалғасты. Соның нәтижесінде Әзербайжан Таулы Қарабақты және оның маңындағы жеті ауданымен толық немесее шінара бақылаудан шығарып алды. 1992 жылдан бері ЕҚЫҰ Минск тобының ауқымында жанжалды бейбіт реттеу жөнінде келіссөздер жүргізілуде.
Ақпарат көзі:kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Атқарылған іс – арқалаған сенімді ақтайды
- Бүгін, 15:22
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
- Бүгін, 14:00
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді