«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Атқарушы билікке жүктелер жауапкершілік жоғары

Атқарушы билікке жүктелер жауапкершілік жоғары
ашық дереккөз
Атқарушы билікке жүктелер жауапкершілік жоғары

Қазіргі кезде әкімдер мен әкімдік қызметкерлеріне жүктелер жауапкершілік жоғары. Бүгінде атқарушы органдарға қойылар талап – білікті кадрлардың күшін ұйымдастыру, үйлестіру ісі және мемлекеттік бағдарламаларда бекітілген нысаналы индикаторларға қол жеткізу үшін тиімді пайдалану. Бұл – облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің басты ұстанымы. Жалпы Жамбыл өңірінде мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде атқарылған ауқымды жұмыстар, жүктелген міндеттердің қалай орындалып жатқаны және оның нәтижесі туралы кеше 21 желтоқсан күні сағат 19.00-де жергілікті «JAMBYL» телеарнасында тікелей эфирде көрсетілген «Әкім сағатында» өңір басшысы Асқар Исабекұлы кеңірек айтып берді. Тікелей эфирде өткен хабарда Асқар Мырзахметов өзі басшылыққа келген бір жылға жуық уақыт ішінде аймақта атқарылған ауқымды жұмыстар туралы жан-жақты баяндады. Сондай-ақ өңірді өркендету жолындағы оң өзгерістер мен игі бастамалардың барысын тарқатып айтып, облыс тұрғындарының тікелей эфир арқылы қоңырау шалып, қойған сұрақтарына жауап берді. Көрсетілім барысында облыс әкіміне әлеуметтік желілер арқылы сауал жолдауға мүмкіндік жасалды. Интернет арқылы жолданған сауалдар да тікелей көрсетілім барысында оқылып, Асқар Исабекұлы көпшілікті толғандырған көкейкесті мәселелердің мән-жайын тарқатып айтты. Бір айта кететіні, өңір басшысының эфир барысында жауап беріп үлгермеген сұрақтар назардан тыс қалмайды. Көрермендермен кері байланыс орнату үшін арнайы ұйымдастырылған Call-орталықта қабылданып, жазылып алынған бұл сұрақтарға және әлеуметтік желі арқылы келіп түскен сауалдардың жауабы алдағы уақытта жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

«Aq jol-Aqparat».

Ұқсас жаңалықтар