«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ақпарат кеңістігіне ілесу – заман талабы

Ақпарат кеңістігіне  ілесу – заман талабы
ашық дереккөз
Ақпарат кеңістігіне ілесу – заман талабы

Көпшілік Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттер мен мемлекеттік бағдарламалардың қалай орындалып жатқанынан бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құлағдар болып отыратыны белгілі. Қазіргідей ақпараттық-технологиялар қарқынды дамыған заманда жылт еткен жаңалықты әлеуметтік желілер мен түрлі сайттардан оқып-білуге де болады. Әйтсе де тұрғындарды ақпараттандыру мәселесінде әлі де жетілдіре түсетін жұмыстар бар. Облыс әкімдігіне қарасты кейбір басқармалар мен аудандар интернет арқылы жұмыс істеуді бір жолға қоя алмай отырғаны соны көрсетеді. Осы және өзге де мәселелер облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғали төрағалық еткен БАҚ жөніндегі кеңес отырысында кеңірек талқыланды.

– Бұқаралық ақпарат құралдары – мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуі жолындағы ақпараттарды, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асқандағы нәтижесін халыққа дер кезінде жеткізетін жаңалық жаршысы. Биыл ішкі саясат басқармасы ақпараттық саясатты жүзеге асыруда бірқатар бастамаларға ұйытқы болды. Атап айтқанда облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің өкімімен облыс әкімдігіне қарасты басқармалар мен Тараз қаласы және аудандардың интернет кеңістігіндегі жұмыстары бір жүйеге келтіріліп, регламенттелді. Сонымен қатар басқарма басшылары мен Тараз қалалық және аудан әкімдері белгіленген кестеге сай баспасөз конференциясына қатысып, атқарылған жұмыстардың барысын көпшілікке жеткізіп отыр. Бұл тұрғыда «Jambyl» телеарнасының «Бірінші студия» бағдарламасында тікелей эфир ұйымдастырылды. Бұл жұмыстар бұқара халық пен билік өкілдерін жақындастырып, тұрғындардың билікке деген сенімін арттыру мақсатында атқарылып отыр, – дей келе, Берік Уәлиұлы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыстағы аналогты эфир жүйесі өшіріліп, цифрлық жүйеге толық көшірілгенін, бұл жөнінде тұрғындар тарапынан қандай да бір шағым түспегенін айтып өтті. Жиында облыс әкімдігі энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Құдайберген Қорғанбаев жылдың екінші жартысында мемлекеттік тапсырыс есебімен орындалған медиажоспарға, сондай-ақ Елбасы Жолдауларынан туындаған міндеттер мен бірқатар мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Есепті кезеңде республикалық, облыстық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында, ақпараттық агенттіктердің ресми сайттарында барлығы 52 мақала жарияланған. Әлеуметтік желілерде де бірқатар материалдармен бөлісіпті. Десе де зерделеу нәтижесі бойынша кей басқарманың БАҚ-пен жұмыс сапасы және бұқарамен байланысы әлі де ақсап тұр. Осыны баса айтқан Берік Уәлиұлы бұл олқылықтың орнын толтыруды тапсырды. Облыстық «Аq jol» газетінің Директор-Бас редакторы Көсемәлі Сәттібайұлы жалпы басқармалар БАҚ-пен тығыз байланыста жұмыс жүргізудің екі тарапқа да тиімді екенін айтып өтті. Мәселен, аталған мекеменің БАҚ-қа жауапты маманы редакцияларға хабарласып, үнемі байланысқа шығып отырса, маңызды іс-шараларға міндетті түрде тілші жіберілетіні қалыптасқан тәжірибе екенін, қажетті материалдарды дер кезінде электронды поштамен жолдаса, жарыққа шығатынын ескертті. Сонымен қатар атқарылып жатқан жұмыстардан әлеумет дер кезінде хабардар болып отыру керектігін де айтып өтті. Облыстық «77 TV» телеарнасының директоры Зарина Қуатова да аталған басқарма өкілдерінен сұхбат алу қиынға соғатынын тілге тиек етті. Жиында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Сейдахмет Сейтбеков те БАҚ пен басқарма арасындағы қарым-қатынас туралы баяндады. Журналист сауалдарына дер кезінде жауап беруге тырысқанымен, бұл басқармада интернет кеңістігіндегі жұмыстарына көңіл толарлықтай емес екен. Ал Т.Рысқұлов ауданының БАҚ-пен байланысы сараланып, аталған ауданның бұл бағыттағы жұмысы қанағаттанарлық деп танылды. Басқосу соңында Берік Құрманғали жауаптыларға мемлекеттік орган тарапынан ұйымдастырылған іс-шараларды сайттарға, әлеуметтік желілердегі парақшаларға дер кезінде орналастыруды және бұл жұмыстарды әлі де жандандыра түсуді тапсырды.

 

Камила БОРАШОВА

Ұқсас жаңалықтар