Сенат депутаттарын сайлау 2014 жылғы 1 қазанға тағайындалды
- author «Ақ жол»
- 3 тамыз, 2014
- 578
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2014 жылғы 1 қазанға тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 69-бабына сәйкес, 2008 жылғы қазанда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің аяқталуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы 2014 жылғы 1 қазанға тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2014 жылғы 31 шілде
№871
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




