Кеше облыс әкімдігінде Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиын өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова баяндама жасады.
Айта кетейік, Елбасы Жолдауы бойынша жалпыұлттық 92 іс-шара болса, оның 42-сі жергілікті атқарушы органдарға қатысты. Ал облыс бойынша барлығы 176 іс-шара жоспары бекітілген десек, жоғарыда аталған 42 іс-шара толығымен қамтылған.
Жолдауда Мемлекет басшысы Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 42 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырған болатын. Бүгінгі таңда бұл бойынша облыста 32 мың қызметкердің жалақысын көтеру қажет. Ол үшін 4,8 миллиард теңге қаражат керек. Сондай-ақ өңірдегі 1837 кәсіпорындағы 16534 жұмысшының жалақысын көтеру шаралары қолға алынған. Бүгінге дейін жоспар 33 пайызға орындалыпты. Ал 16033 кәсіпорында жалақы мөлшерін 42 мыңнан асыру мүмкіндігі бар.
Өңір басшысы білім, денсаулық, спорт салалары бойынша да Жолдаудағы міндеттердің орындалу барысын сұрады. Тарифтерді төмендету мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Жолдаудың өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру басымдығы бойынша Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасының» бірінші бағыты: «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру», «7-20-25» бағдарламасының орындалуы да қаралды. Бағдарлама аясында пәтердің алғашқы жарнасының 50 пайызын субсидиялау жұмыстары, оның қалай жүзеге асыру керектігі тағы бір пысықталды.
Асқар Исабекұлы жауапты тұлғаларға жылдың аяқталып қалғанын ескертіп, Жолдау басымдықтары бойынша жоспарлы шараларды уақтылы орындауды тапсырды. Жиында өңірлік өзге де көрсеткіштерге қатысты белгіленген межелі индикаторларға қол жеткізу деңгейі сұралды. Соған орай басқарма басшылары мен аудан әкімдіктерінің жұмысын бағалау, жылдық қорытынды шығару мәселелері де қаралды.
Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді