Қоғамдық бірлестіктер мен еріктілерді бір мақсатқа жұмылдыру керек
- author «Ақ жол»
- 11 желтоқсан, 2018
- 182
Облыстағы еріктілер қозғалыстарының жұмысы жүйеленбек. Әсіресе оларды қайырымдылық шараларына тарту басты назарда. Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен жиында айтылып, нақты тапсырмалар берілді.
Жиында өңірдегі еріктілер қозғалыстарының, олардағы жастардың саны туралы айтылды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мәди Мәтен баяндама жасады.
Қазіргі таңда Тараз қаласындағы 4 волонтерлық қозғалысқа барлығы 417 жас тартылған. Атап айтсақ, «Жібек жолы жастары» волонтерлық қозғалысында – 157 адам, «Тараз – қайырымды жандар» волонтерлар қозғалысында – 60, «Біз біргеміз» волонтерлар қозғалысында – 80, «Темірқазық» волонтерлар қозғалысында 120 адам өз еркімен жұмыс істеуде.
Басқарма басшысы еріктілермен жасалатын қайырымдылық шараларын Тараз қаласынан бастау туралы ұсынысын білдірді. Ол үшін «Тайқазан» қайырымдылық қорын құрып, қайырымдылық дүкендерін ашу жоспарлануда. Мәліметтерге сүйенсек, бүгінде облыс орталығында 960 әлеуметтік аз қамтылған, 564 толық емес отбасы, 86 көп балалы отбасылар бар. Сондай-ақ шаһарда 352 жалғызбасты қария, 5991 бірінші және екінші топтағы мүгедектер тұрады.
Асқар Исабекұлы жаңадан қайырымдылық қор құрудың қажетсіздігін айтып, өңірдегі жұмыс істеп отырған қорларды игі шараға жұмылдыру керектігін жеткізді. Ол үшін барлық қоғамдық бірлестіктер мен еріктілер қозғалыстарының жұмыстарын бір арнаға тоғыстырып, жүйелеуді тапсырды. Өңір басшысы Тараз қаласындағы көмекке мұқтаж жандардың саны бұдан да көп болуы мүмкін екендігін баса айтты. Олардың бәрін тиісінше назардан тыс қалдырмау керектігін тілге тиек етті. Оған кәсіпкерлер мен жомарт жандарды кеңінен тарту көзделуде. Алдағы уақытта бұл бағытта жұмыс жүйеленіп, арнайы ереже-жоспар бекітіледі. Қажетті қаражат көзі де тиісінше қарастырылатын болады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді