Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болып табылатын «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында киелі даланың мәдениеті мен әдебиетін, өткені мен бүгінін түйіндеп, ертеңгі жарқын болашақтың өкілдеріне мирас етуші жолды нұсқады. Әр Жолдауында жастар қамын ұмыт қалдырмайтын Елбасы өскелең ұрпақты терең білім мен кемел келешектің кепілі деп біледі. Ал жастар жоғары білім алып, болашақта жақсы қызметке орналасып, қоғамның толыққанды мүшесі болуына, дамып жетілуіне жан-жақты мүмкіндіктер туғызып отырған Көшбасшының саясатын қолдайды. Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері де Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді орындауға белсене атсалысуға мүдделі. Мемлекет басшысының «Ұлы Даланың жеті қыры» тақырыбындағы мақаласы мен халыққа арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын қолдау мақсатында оқу орнының жалынды жастары арнайы науқан ұйымдастырды. Оған студенттермен бірге университет ректоры Ержан Әмірбекұлы да қатысты. «Ел ертеңі Елбасымен біргеміз» деп бірнеше рет ұрандатқан жастарға Қазақстан студенттері альянсының төрағасы Сабек Сұлтан үндеу оқыды. Шара соңында 100-ден аса білімгер ортаға шығып Жаңбырбай Нұрсұлтанның орындауындағы «Мен қазақпын» әніне флешмоб биледі.
«Aq jol-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
АЭС жобасы – экологиялық тұрғыда қауіпсіз
- 19 қыркүйек, 2024
Тәртіптің бастауы – әдептілік
- 17 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді