Қазіргі таңда исі қазақ баласының барлығы қызу талқылап жатқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа мақаласы «Ұлы Даланың жеті қыры» деп аталады. Онда Қазақстанды Ұлы Дала елі ретінде танытатын айшықты дәлелдер келтірілген. Мемлекет басшысы Қазақстанды әлемге танытатын бастамаларды халық назарына ұсынған. Ұлт Көшбасшысының бұл мақаласын Ұлы Дала елінің бай мұрасын әйгілеу жолында жасалған жарқын үлгі деп білеміз. Елбасының ел тарихын саралаған мақаласы жастарымызға үлкен ой салады. Өткен жылы Ұлт Көшбасшысы халықты рухани жаңғыруға шақырса, бұл жолы Ұлы Дала – азаматтарының елге деген сенімді нығайтып, тарихты түгендеуге үндеп отыр. Аталарымыз елдіктің үлгісін көрсетсе, бүгінгі ағаларымыз сол қасиетті халыққа жеткізе білді. Қазақ – қай уақытта да өзінің текті халық екендігін көрсете білген, дәлелдеп келген ұлы ел. Елбасымыз атап өткендей, қазақтың үш жүз болып өмір кешуі бөлінуі емес, қайта үнемі күрес үстінде бір-бірімен бірігуі, ынтымақтасу үлгісі болатын. Ал қазақтың осындай қасиетке ие болуының басты себептерінің ең негізгісі – Ұлы Даланы мекендегендігі. Біз осынау қазақ даласының сырын ашқан сайын өзіміздің ұлттық болмысымыздың ерекшелігіне көз жеткіземіз. Алдағы уақытта да көптеген зерттеулер жүргізіп, тарихи жобаларды жүзеге асыру міндеті тұр. Елбасымыз тарихымызды түгендеуге қажетті дүниелерді тануға, табуға, түбегейлі зерттеуге мейлінше мән беріп отыр. Ұлтымыздың болмысына, дәстүріне, ділі мен тіліне, бабамыздың жүріп өткен жолына қатысты болжам емес, нақты деректер табуға жол ашылатыны да айтылды. «Сырттан тарих іздеу, ол – тарихы жоқ ұлттарға тән нәрсе. Біз сырттан тарих іздеуге, қолдан тұлға жасауға мұқтаж емеспіз. Біздің тарих бізге ұшы-қиыры жоқ әлемді ұсынады. Нақты деректерге сүйене отырып жазсақ, біздің тарихымыз әлем тарихының негізгі бастауларының бірі екенін барлығы мойындайды», деген Ұлт Көшбасшысының пікірі болашақта әлемдегі алар орнымызды айқындап көрсетті. Сондықтан да тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі. Отаншылдық тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталуы тиіс. Сондықтан бұл мақала өскелең ұрпақтың төл тарихына деген мақтаныш сезімін оятатыны айқын.
Бастар МАХАНОВ, ақыл-ойы дамуында кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының директоры.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді