«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ  ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ
ашық дереккөз
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ

«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Лашын» футбол клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос тұрған лауазымына (1 бірлік) конкурс жариялайды

Кәсіпорынның атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Лашын» футбол клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. Орналасқан жері: 080800, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы, Шахтерская көшесі, №28 «а» үй, телефон: 8 (726-44) 6-10-19. Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: Дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі Қазақстан Республикасының біртұтас мемлекеттік саясатын жүзеге асырады. ХФАФ, ЕФАО, ҚФФ талаптарын сақтау және орындау. Тараз қаласының футбол командасына оның чемпионатқа, кубоктар үшін, халықаралық және басқа да мақсаттарға қатысуына жан-жақты көмек пен қолдау көрсету. Негізгі команда үшін жасөспірім футболшылардың таяу кезіндегі резервін даярлауды жүзеге асыру және т.б. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы боынша жоғары педагогикалық бiлiмінің, мамандығы бойынша спорт ұйымдарында, мекемелері мен кәсіпорындарында басшы лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді білуі. Конкурс «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ, оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қарашадағы №1353 Қаулысы негізінде өткізіледі. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру облыстық «Ақ жол», «Знамя труда» газеттерінде жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, №72 үй, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, 8-қабат, 807-бөлме, телефон/факс: 43-62-57. Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс: 1) конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме; 3) еркін нысанда жазылған өмірбаян; 4) білімі туралы құжаттардың көшірмесі; 5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі; 6) денсаулық жағдайы туралы белгіленген нысандағы анықтама. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, осының алдындағы жұмыс орнының басшылығынан кепілдеме және т.с.) беруіне болады. Конкурстың өтетін күні: 2014 жылдың 20 тамызы. Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, №72 үй (9-қабат, 920-бөлме). Конкурсқа жіберілген үміткерлер Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте әңгімелесуден өтеді.

Осы бос лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге жеңілдіктер берілмейді.

Ұқсас жаңалықтар