«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен ҚҰТТЫҚТАУЫ

«Нұр Отан» партиясы     облыстық филиалы   Саяси кеңесінің Қазақстан Республикасының   Тұңғыш  Президенті күні мерекесімен  ҚҰТТЫҚТАУЫ
ашық дереккөз
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті облыс тұрғындары! «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесі Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды. Бұл күн – барша отандастарымызды ынтымақ пен бірлікке бастайтын күн. Қазақта «Тарихты тұлғалар жасайды» деген сөз бар. Әр ұлттың өзіндік тарихын қалыптастырған ұлы тұлғалар болады. Олар қаншама уақыт өтсе де, сол ұлттың данасы ретінде санаға бекіп, адамзаттың ортақ азаматына айналады. Бұл ретте, егемен Қазақстанның негізін салудың және нығайтудың тарихи миссиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Президент барша қазақстандық мойындаған және халықаралық қоғамдастық тарапынан құрметке ие болған кемеңгер тұлға. 1 желтоқсан – біздің тарихымыздың жаңа ақ парағы ашылған күн. Тұңғыш Президенттің бастамаларына қолдау жасай отырып, еліміз көп биікті бағындырды. Мемлекетіміздің әлем елдері арасындағы абыройы уақыт санап артып келеді. Мұның барлығы да бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы Тұңғыш Президентіміз – Елбасының еселі еңбегінің, көреген жасампаздығының жемісі. Еліміз өтпелі кезеңдердегі қиындықтар мен сынақтарды еңсеріп, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық сілкіністерге ұшырамай, бәсекеге қабілетті дербес дамудың өркендеу жолына шығуына Мемлекет басшысы өлшеусіз еңбек сіңірді. Ол бүгінде адамзат өркениетінің бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүруінің алғы шебінде тұр.

Құрметті жамбылдықтар! Халқының бойына қуат, ойына шуақ түсірген Нұрсұлтан Әбішұлының нұрлы жолы жасампаз тірліктерге толы болсын! Елбасымыз аман, бейбіт өмір, тыныштық заман болсын! Елбасымыз жүргізіп отырған сындарлы саясат аясында татулығымыз бен ынтымағымыз нығая берсін.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесі.

Ұқсас жаңалықтар