«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ұлт тарихының құндылықтары

Ұлт тарихының құндылықтары
ашық дереккөз
Ұлт тарихының құндылықтары

Туған еліміздің тарихи кезеңдерінде қол жеткізген табыстарымыз бен игіліктеріміз ұлт құндылықтарын байыта түсуде. Бұл барша отандастарымыздың мақтанышына және қайнар бастауына айналған өркениетті тірліктер тәуелсіз Қазақстанның жарқын беттеріне өшпестей жазылып келеді. Осы тағылымды ой арқауы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Елбасы және Ұлы Дала елінің құндылықтары» деген тақырыппен өткен конференцияда тарқатылып айтылды. Зиялы қауым өкілдері, оқытушы-профессорлар және студент жастар қатысқан басқосуда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» деген бағдарламалық мақаласында тереңінен толғап, қазақ халқының көнеден тамыр тартқан көкжиегінің інжу-маржандары халықтың жүрегінен орын алып, тұтас елдің өркениетке қосқан үлесін және барша адамзат тарихының бөлшегі екені атап көрсетілді. Қазақ елінің тарихы – бай тарих. Құнарлы топырақтан нәр алған қадір-қасиетін толық тану және соның бәрін мақтаныш ете білу жас ұрпақтың ең асыл борышы. Конференцияда Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Төлепберген, тарих ғылымдарының кандидаты Сейдахан Бақтыоразов, жас ғалымдар Мұрат Нұрғабылов, Бақтияр Бекназаров, сондай-ак ТИГУ-дің проректоры Санат Әшірбеков тақырыптық ой қозғап, ұлт тарихының тұғырлы қырларын жан-жақты көрсетіп берген Елбасының мақаласынан туындайтын міндеттер мен мақсаттар туралы баяндама жасады. Салиқалы әңгімеге қатысқан студент жастар да жаңа заманның озық тұлғалы азаматы болу үшін жасампаздық тарихын жасаған Ұлы Дала елінің құндылықтарын қастерлей отырып, бағалай білудің маңызы зор екенін айтты. «Aq jol-Aqparat».

Ұқсас жаңалықтар