Жыр-тұмар

Жыр-тұмар
ашық дереккөз
Жыр-тұмар
Бір гүлге Апыр-ай, күлейін бе, жылайын ба? Шаһар қыстың шыңылтыр бір айында. Таста өскен таңғажайып бір гүл көрдім, Тәкаппарлық танылған шырайында. Тәуекел. Жағдайын сұрайын да... Апыр-ай, гүл ме екенсің, жыр ма екенсің, Жадымда жатталғандай нұрлы елесің. Көптен бері лауламай күлге айналған, Кеудемде сезім шоғын үрлегенсің. Апыр-ай, күлейін бе, жылайын ба? Жүрегім шомылғандай уайымға. Өртенетін сезімге тентек едім, Тасқа әкеліп басымды ұрайын ба, Ұрайын да қасына құлайын ба?.. Сені көрсем Жолықтың-ау жолымла тағы, жаным, Сені көрсем, сөзімнен жаңыламын. Тағы да мұң әкелдің, сағынарым, Табынарым, сүйемін деп нағыламын. Жел үзген сыбдырындай жапырақтың, Сенен мен жүргендеймін сатып ап мұң. Мың толғанып өзіңе бір сөз айтсам, Сөзі боп шығатындай ақымақтың. Көргенде сені солай тіл байланып, Ет жүрегім кеткендей құмға айналып. Көңілімді дәл сендей құбылтатын, Дүниеде ешбір жан тумайды анық. Білмеймін сені қалай сендіремін, Сезімді төзіміме жеңдіремін. Тәңірімнен сұрарым тек өзіңді, Көзіме көрсетпегей енді менің. Қол шатырлы қыз Қол шатырлы қыз, тым тәкаппар болмаңыз, Бұлтты күні шығыппыз мына жолға біз. Сергелдең оймен сенделген мен бір жан едім, Жақындау келсем жатырқамай, қолдаңыз. Көңілден назды кеткен бе, қалай, жыр ауып, Көктен де көптен күн күлмей қойды-ау бір ауық. Қара бұлт жапса қабағын бүркеп сәл ғана, Адамдар түгіл аспан да кейде жылауық. Жауын ба? Жас па? Қорғансақ болмас ұлы айып, Келіңіз бірге қол шатырыңызды құрайық. Жыласа жылар, күркіреп кейде көк аспан, Сіз бенен бізге күлімдеп өту лайық. Жолықтың-ау, қарындас Жолықтың-ау, қарындас, қас-қағымда, Көтерілдім сезімнің асқарына. Жылы күндей әдемі жымиысың, Қаратаудың ерітер тастарын да. Қарақат көз, алма жүз, шие ерін, Сүйер едім, төзімге сүйенемін. Сездіруге сезімді сөз жетпейді, Тіл байлаған не деген киелі едің, Мінезің-ай, қарындас, мың құбылған, Елес берген құлпырған гүл ғұмырдан. Би билетер жүректі назды күлкің, Сазды әуеннің жаралған сыңғырынан. Жанатбек 2 Тұрғынбайтегі. Байзақ ауданы.      

Ұқсас жаңалықтар