Исламдағы толеранттылық: ұғымы және мазмұны
(Бірінші бөлім)
Көптеген мәдениеттерде төзімділік (толерантность) латынның – tolerantia; ағлышынның – tolerantion; немістің – toleranze; француздың – tolerance сөздерінің синонимы ретінде қалыптасқан. Біздер осылардың баламасы ретінде «төзімділік» сөзін алып жүрміз. Жалпы энциклопедиялық сөздіктерде толерантность сөзін – шыдау деп берген яғни, басқалардың пікіріне, іс-әрекеті мен қимылына шыдамдылық таныту, сабырлық көрсету деген мағынаны білдіреді. Дегенмен, біз «толеранттылық» деп сөздең өзін қолданып жүрміз. Ал енді ислам мәдениетінде толеранттық сөзін – әт-тасамух сөзімен баламалайды. Әт-тасамух араб тілінде бірнеше мағынаны білдіреді. Мұның төзімділікке қатысты мағынасы: өзгенің пікіріне, іс-қимылына сабырлық таныту, оған кешіріммен қарай білу, ұстамдылық көрсету. Әт-тасамух сөзінің морфологиялық жасалу формасының өзі араб тілі білімінде бірнеше адамдардың арасында болатын іс-әрекетті білдіреді. Адамдар өзара жұмсақ мінезді, мейірімді, бір-біріне кешіріммен қарап, сабырлық танытулары керек деген сөз.
Исламда төзімділіктің мән-мағынасын аша түсетін құндылықтардың әрбірінің мазмұны терең. Мәселен, сондай ұғымдрдың бастысы әрі негізгізгісі –сабырлық, ұстамдылық, төзімділік қасиеттері. Сабырлық адам бойындағы адамгершілік құндылықты құрайтын көркем сипаттардың бірі. Оның мынадай түрлері бар:
- Ислам бұйырған әмірлерге сабырлы болу;
- Ислам қайтарған әмірлерге сабырлық таныту;
- Алланың тағдырға жазған қайғы-қасіретіне сабырлы болу (Имам Ғазали).
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді