Өңірлік коммуникациялық қызметінің алаңында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің соңғы 2 жылда атқарған жұмысы баяндалған баспасөз мәслихаты өтті. 2016 жылдың қарашасынан бері партия құрамы 8985 адаммен толығып, 337 бастауыш ұйымға біріктірілген 69 039 партия мүшесін құраған. Ал ішкі партиялық жұмыстардың 82 пайызы орындалыпты. Алайда партия филиалдары Саяси кеңесі Бюросының рөлі мен мәртебесін көтеру, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау мәселесі, құрылған топтарға бастауыш партия ұйымдарының Бюро мүшелерін бекіту және бұл ұйымдарда мәслихаттағы фракция мүшелерінің есебін тыңдау сияқты тармақшалары әлі де өз шешімін таппай отырған көрінеді. «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған билік партиясы мұндай 48 іс-шара өткізген. Нәтижесінде 305 азаматты жұмысқа орналастырған партия өкілдері желтоқсан айында да осындай игі дәстүрді жалғастырмақ ниетте екен. Осы және өзге де жұмыстар жайлы жиылған қауымға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов баяндап берді. – «Партиялық жаңғырудың 2018-2020 жылдарға арналған нақты жоспарында» кадрларды ілгерілетудің жүйелі тәртібін қалыптастыру бойынша партиялық кадрлық резервтің жаңа ережесі әзірленді. Алдағы уақытта партия филиалдары басшылығымен мәслихат депутаттығына резервистер кандидатуралы ережеге сәйкес дайындалатын болады. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, өткен есеп беру кезеңімен салыстырғанда партия мүшелері арасында ішкі партиялық тәртіпті бұзған партия мүшелерінің саны екі есеге азайды. «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламалары аясында 17 рейд өткізіліп, онда берілген тиісті ұсыныстар партиялық қоғамдық бақылауға алынды, – деген Ерқанат Нұрбапаұлы қоғамдық қабылдауға қатысты мәліметтерді де назардан тыс қалдырмады. – Есепті мерзімде облыстық және аумақтық филиалдарға барлығы 9634 өтініш түсті. Оның 4345-і немесе 45,1 пайызы оң шешімін тапты. Көбіне әлеуметтің әлеуетін жақсартуға бағытталған қоғамдық қабылдауларға байланысты «Үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» байқауы өткізілді. Республикалық бәйгенің І кезеңі 19 қарашада қорытындыланды. Оған қатысқан Тараз қалалық және аудандық филиалдардың атқарған жұмыстары 7 талап бойынша бәсекеге түсті. Конкурс нәтижесінде партияның Меркі аудандық филиалы оқ бойы озық шықты. Тараз қалалық және Жуалы аудандық филиалдары сәйкесінше екінші, үшінші орындарға табан тіреді. Келер айда жеңімпаз атанған Меркі филиалының жұмысы байқаудың ІІ кезеңі – республика көлемінде сынға түсетін болады, – деген облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары партиялық «Сәтті қадам», «Жастар – Отанға», «Білім орталығы» және «English for jastar» жобалары аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ Ұлт Көшбасшысының Бес әлеуметтік бастамасының іске асырылуын бақылау үшін ағымдағы жылдың 29 мамыры күні құрамында 23 мүшесі бар облыстық қоғамдық кеңестің құрылғанын, сонымен қатар Жолдау қойған міндеттерді іске асыруда «Педагог мәртебесі» Заңының жобасын дайындау мақсатымен «Ұстазым – ұлағатым» акциясының қолға алынғандығын да атап өтті. Келесі жылдың 1 наурызында «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 20 жыл толады. Осыған орай арнайы жоспар дайындалып, іс-шаралар өткізу көзделуде. – Алдағы уақытта «Партияның 20 қайырымды ісі» акциясы, бастауыш партия ұйымдары арасында «Үлгілі отбасы – рухани жаңғырудың тірегі» отбасылық облыстық байқауы, спорттық жарыстар, «20 жылға – 20 күй» акция-челленджі және тағы басқа ауқымды іс-шаралар партияның 20 жылдығына орай ұйымдастырылатын болады, – деді Ерқанат Манжуов.
Альмира Омарова
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді