Елдік мәселелерді талқыға салды
Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы жұртты ұйыстыратын рухани күшке ие. Ортақ құндылықтарды қайта жаңғыртқан мақала барша қазақстандықтарды біріктіре түседі. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті мен Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының өңірлік филиалы бірлесе ұйымдастырған басқосуда жамбылдық мемлекеттік қызметшілер мен зиялы қауым өкілдері Ұлт Көшбасшысының мақаласындағы осындай тұжырымға тоқтады.
Мемлекет басшысының мақаласындағы елдік мәселелерді талқыға салған шараға өңірдің зиялы қауым өкілдері, «Jambyl» телеарнасының басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі Ж.Әбдіманап, тарихшы, археолог С.Қалиев және облыстың мемлекеттік қызметшілері қатысты. Кездесудің модераторы, облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Н.Еркебаев осы басқосудың мақсатын түсіндіріп, жиналғандарды еркін әңгімеге шақырды.
– Елбасының жаңадан жарияланған мақаласын талқылау үшін зиялы қауым өкілдері жиналды. Бұл маңызды құжат бір жарым жыл бұрын жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы деуге болады. Ондағы «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» деп аталатын бөлімінде Президент қазақта киелі саналатын жеті қазынаның жеті қырын айқындап беріп, мән-мағынасын ашып түсіндіреді. Әсіресе текті жануар жылқыға кеңірек тоқталған. Сондай-ақ Ұлы Даланың тылсым табиғаты да мақаланың арқауына айналған, – дей келе, Н.Еркебаев Мемлекет басшысының жұртты жұмылдыра түсетін мақаласының идеологиялық мәніне тоқталды.
Жиында өз пікірін алға тартқан Ж.Әбдіманап: «Президент архив мәселесіне көңіл аударыпты. «Архив-2025» деген мәселе қойған екен. Ондағы Президенттің ойы – біз әлі де болса, архивімізде сақтаулы Отан тарихына байланысты беттерді ашуымыз керек. Халыққа жеткізуіміз керек. Мен өз басым оны қатты қолдаймын. Біздің архивімізде әлі де болса ашылмаған парақтар, беттер жатыр. Ұлттың қасіретті тарихы жатыр», – деді.
Ортақ ой айтып, пікірлерімен бөліскен зиялы қауым өкілдері мен мемлекеттік қызметшілер мақаланың тағылымдық мәніне айрықша тоқталды. Ұлттық құндылық пен тамыры тереңде жатқан тарихымызға қатысты мақаладағы міндеттерді бірлесе орындауға да ниетті екендерін айтты.
«Aq jol – Аqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді