Саясат
Елбасы РФ Президентімен қыркүйекте болатын жоғары деңгейдегі кездесуге дайындық барысын талқылады
- author «Ақ жол»
- 31 шілде, 2014
- 583
Елбасы РФ Президентімен қыркүйекте болатын жоғары деңгейдегі кездесуге дайындық барысын талқылады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Әңгімелесу барысында екі елдің көшбасшылары екіжақты ынтымақтастық және Еуразиялық экономикалық одақты дамыту мәселелерін, сондай-ақ қыркүйекте болатын жоғары деңгейдегі кездесуге дайындық барысын талқылады.
Мемлекеттер басшылары Украинадағы ахуал және қалыптасып отырған дағдарыстан шығу жолдары жөнінде пікір алмасты.
Қазақстан Президенті бейбіт тұрғындардың, ең алдымен, әйелдер мен балалардың қаза болуына байланысты алаңдаушылық білдірді және қақтығысушы екі жақ оқ атуды доғарып, Украинада бейбіт келіссөздерді бастау үшін барлық шараларды қабылдайды деп үміттенетінін айтты.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




