«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршаға ортақ

Сыбайлас жемқорлықпен  күрес – баршаға ортақ
ашық дереккөз
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршаға ортақ

Сыбайлас жемқорлық – мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған күрделі кесел. Бұл кесел әлемдегі дамушы елдердегі сияқты біздің жас мемлекетімізге де зардабын тигізуде.

«Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы қабылданып, қоғамдағы дертпен күресті мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының бірлесе жүргізуіне жағдай жасалды. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерінің жалпы саны – 7, оның ішінде 2 мүшесі аудандық мәслихаттың депутаттары. «Нұр Отан» партиясы Мойынқұм аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес 2018 жылдың І жарты жылдығында 4 отырыс өткізіп, онда қоғамдық маңызы бар мәселелер қаралды. Атап айтсақ, аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру бойынша атқарылған жұмыстарының жайы, «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасының Хантау ауылдық округінде орындалу барысы, Халыққа қызмет көрсету орталығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалу барысы туралы, партия аудандық филиалының «Орталық» бастауыш партия ұйымында ішкі партиялық тәртіптің сақталуы туралы мәселелер қаралып, талқыға салынды. 2018 жылдың І жарты жылдығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері тақырыбында 4 дөңгелек үстел отырысы, 1 семинар-кеңес отырысы, 3 акция өтті. Атап айтқанда, партия аудандық филиалының мәжіліс залында «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері мен аудандық құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Отырысқа аудандық прокуратураның аға прокуроры А.Кененбаева, Мойынқұм аудандық жергілікті полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Д.Бегалиев, партия аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қатысты. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие» тақырыбында аудандық орталық аурухананың акт залында дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Отырысқа партияның аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес, «Шипагер» бастауыш партия ұйымының мүшелері қатысып, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын талқылады. «Қоғамды сыбайлас жемқорлықтан қорғайық» тақырыбында партия аудандық филиалының «Мыңарал» бастауыш партия ұйымы мүшелерінің және партиялық бақылау комиссиясының мүшесі С.Садуақасовтың қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті. Отырыс барысында «Мыңарал» бастауыш партия ұйымының төрайымы Т.Кәрібаева баяндама оқып, сыбайлас жемқорлық мәселесі бойынша пікірталас жүргізілді. Дана халқымызда «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген өсиет сөз бар. Сондықтан баршамыз жастарды жемқорлық атты дерттен аулақ болуға шақырып, адал еңбек етуге баулысақ, болашағымыз жарқын болары анық. Бұл біздің ұрпақ алдындағы ата-аналық борышымыз, қасиетті парызымыз болуы тиіс демекпін.

 

Жамбыл Қалыбаев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы.

Мойынқұм ауданы.

Ұқсас жаңалықтар