«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жас Отанның үлесі мол

Жас Отанның  үлесі мол
ашық дереккөз
Жас Отанның үлесі мол

Жандар ТОҚСАБА, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының бөлімше басшысы.

Бүгінгі таңда «Нұр Отан» партиясының жас көмекшілеріне айналған аудандық «Жас Отан» жастар қанатының аясында бүгінде аудан аумағында 17 ауылдық округте 26 бастауыш бөлімшелердің 746 мүшесі жұмыс жасайды. Енді осы жастардың нақты қандай қайнаған тіршіліктің арасында жүргеніне үңіліп көрейік. Сан емес, сапаға жұмыс жасайтын «Жас Отанның» мүшесі болу аудан жастары үшін арман екені ақиқат. Себебін мынадан-ақ аңғара беріңіз. Ауданда орташа есеппен жиырма мыңнан аса жас бар, олардың қаншасы біздің қатарымызға толыққанын жоғарыдағы сандар көрсетеді. Күні кеше Елбасы өз Жолдауында келер жылды «Жастар жылы» деп жариялағаны баршамызға белгілі. Осы орайда біздің жасотандық әріптестер не жұмыс жасамақ, қандай жаңалықтар әкелмек деген заңды сұрақ туындайды. Осы орайда бірқатар айтар ойым бар. «Жас Отан» жастар қанаты аудан жастарын бір арнаға біріктіріп, жастардың осал топтарымен жұмыс жасауды әдетке айналдырған. Биыл Елбасының қатысуымен өткен партияның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жастарға үлкен үміт артатынын естідіңіздер, ол үшін жастар қандай болу керек? Әрине, білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақ болуы қажет. Осы орайда биыл тамыз айында жастар игілігі үшін ауданымызда коворкинг орталығы, сонымен қатар жаңа технологияларды меңгеруге байланысты «Ақысыз ІТ сыныптар» ашылды. Артынша өздеріңізге белгілі «English for jastar» жобасы жүзеге асты. Жасотандықтар жастар саясатын үлкен саясатқа араласудың алғашқы баспалдағы болып табылатынын менің замандастарым түсініп отыр. Келесі кезекте, «Сәтті қадам» және «Nurintech» жобалары бұл жастардың өз қыр-сырын көрсетуге мүмкіндік беретінін білуіміз керек. Жалпы, ауданда жастар саясатын жүзеге асыруда жасотандықтар алғашқы рөлді атқаратын жастар ұйымы.

Жамбыл ауданы.

Ұқсас жаңалықтар