«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Файзулла Төлтай

Файзулла Төлтай
ашық дереккөз
Файзулла Төлтай
Тағдыр Сұлуға қарашы... Сүю дегенің болып па күнә, болмаса неге ол жылады? Ғашықтықпенен жолыққанына тағдыры шығар кінәлі. Көзінен ылғи сұрақ тамшылар: – Осы ма саған керегі? Жігітте бәлкім ұнатқан шығар, ұнатқан шығар. Себебі – қолымен көктен Айды алып беріп, бөлейтін жанын ақ нұрға. Ризашылығын айналып келіп, айта беретін тағдырға. Әр сәттің өзін бақыт көретін, кейіпкерлеріндей дастанның. Шашына түнде тағып беретін, жұлдыздарын ап аспанның. ...Сырғумен талай күндерді жалғап, айлар да өтті. Тоналды Әйтеуір, ару түндерді қарғап, жиі жылайтын боп алды. Уайым мен қайғы әр атқан таңы – қатені түзеу кеш мүлде. Ешкімге бірақ сыр ақтармады, сұрамады одан ешкім де. Сүю дегенің болып па күнә, болмаса неге ол жылады? Жалғыздықпенен жолыққанына тағдыры шығар кінәлі.   Жоғалту Бәлкім, уақыт: – Қате, – деп, тапқан шығар ісімізді. ...ұмытпайды бұл жылдың Күзі бізді – Қос білегің асылып иығыма: – Қорқамын, – деп, тұрушы ең өзіңізді жоғалтудан, һәм, аға, жоғалудан. Ойым күпті, Уайымшыл, Жан ауырған. ...Менің кінәм шығар-ау, өлмейтұғын, Махаббатты іздеген әр арудан. Кешір мені! Мен бейбақ – бейуақытта үнсіз қалып, өкініп ем. Өмір ғой... Тылсым бәрі- (...мойныңдағы мөрімді, Бұрымыңмен, Естелік қып, жасырып жүрсің бе әлі?!) Сылқым гүлдер, Жұлдыздар, Күн, Ай, маған: Үнемі жыр оқитын мұңаймаған. Біздерді бақытты етер Дүниені, Құдай-ау, қызғаншақ деп, кім ойлаған. Тау-тасы, Өзен-көлі, Тоғайынан: Бір жылулық күтіп ем талайынан. Сен – Күн едің... Бұлттарды бүркеніп ап, Жоғалып кеткеніңді, қалай ұғам?! Қабат-қабат қайғыдан жамалған өң. Жанның мұңы үймелеп жанарға кеп, бармағымды тістеймін. Одан өзге, Менде ешқандай үміт те, амал да жоқ... Кешір мені... Сарысу ауданы.

Ұқсас жаңалықтар