Апта аралығында облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен «Жергілікті атқарушы органдарда гендерлік саясатты қалыптастыру және іске асыру» тақырыбында семинар өтті. Оған Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялардың хатшылары мен ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, облыс әкімдігі басқармаларының мамандары қатысты. Басқосуды комиссия хатшысы Сара Мәдиева ашып, жүргізіп отырды.
Өзара пікір алмасу тұрғысында өткен семинарда «Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» республика Үкіметі қаулысының орындалу барысы, Гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыруда үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс, Тараз қаласы мен аудандардың әкімдері жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшыларының және облыс әкімдігі басқармаларындағы гендерлік саясатқа жауапты қызметкерлердің міндеттері туралы мәселелер қозғалып, әңгіме өзегіне арқау болды. Семинарда ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің нақты теңдігін қамтамасыз ету, отбасында гендерлік теңдікке қол жеткізу, отбасын нығайту және отбасы тәрбиесінің рөлін арттыру, құқықтық және гендерлік ағарту жұмыстарын жолға қою – заман талабынан туындаған міндеттер болып табылатындығы атап көрсетілді. Семинарға қатысушылар аумақтың қоғамдық-саяси өміріндегі гендерлік теңдік көріністері, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарда гендерлік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға байланысты іс-шаралар ұйымдастыру туралы пікір алмасты. Семинарда отбасылық құндылықтар мен гендерлік теңдікті насихаттау жөніндегі үздік бильбордтарға жарияланған облыстық конкурстың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды.
Сапарғали Әлібай, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




