«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жойқын желдің салдарынан

Жойқын желдің салдарынан
ашық дереккөз
Жойқын желдің салдарынан

Тараз әуежайы рейстерді қабылдай алмады

Кеше Тараз әуежайы қолайсыз ауа райының салдарынан рейстер қабылдауды тоқтатты. Күшті желдің салдарынан Тараздан Астанаға ұшатын және кері бағыттағы рейс жеті сағатқа кешіктірілген. SCAT әуе компаниясының ұшағы 14.15-те ұшуы тиіс болған, алайда, 21.00-де ұшқан. «Бүгін бізде екі рейс қана. Алматы бағытындағы рейстер кестеге сай аттанады. Кейінге қалдырылған жоқ», – деп хабарлады әуежай қызметкерлері. Бұрынғы Білім және ғылым вице министрі, жемқорлыққа қарсы «Жаңару» жалпыұлттық қозғалысы төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов Instagram-дағы өзінің жеке парақшасына Астанадан ұшатын рейстің кідіруіне байланысты «Қазақстан-Тараз» телеарнасындағы тікелей эфирге үлгере алмайтынын хабарлады. Бұған дейін «Қазгидромет» кәсіпорны 28 шілде күні облыс аумағында қатты дауыл болатыны туралы ескерту жариялаған еді. Болжам тура шықты. Өңірде оңтүстік-батыстан 18-23 м/с жел соқты. Күндіз кей жерлерде жел екпіні секундына 30 метрден асқан. Бофорттың 12 балдық шкаласы бойынша мұндай құбылыс 8-9 деңгейлі жел делінеді, ол ағаштарды сындырып, шатырларды ұшырады. Тараз әуежайы соған байланысты рейстерді қабылдай алмады.

«Ақ жол-Ақпарат».

Ұқсас жаңалықтар