Мен ауданда ұзақ уақыт шаруашылықта басшы қызметтер атқарған адаммын. Алматы қаласында тұрсам да, ауданмен қатынасымды еш үзгенім жоқ. Ауылға жиі болмаса да, ат ізін салып тұрамын. Жалпы, аудандағы жақсы тірліктерді көріп қуанамын. Аудан әкімі Қанатбек Қайшыбекұлы жас та болса бас болып, бұл өңірдің экономикасы мен әлеуметтік жағдайын жақсартуға көп еңбек сіңіріп жүр. Ауылдан тауарлы сүт кешенін салу үшін одан жер сұрадым. Сөзге келген жоқ. Көмектесті. Әрине, ондай кешенді ферма ашу оңай емес. Оған қыруар қаражат қажет. Анау-мынау, аз ақша емес – 3 миллиард теңге! Соны сұрастырып, «Даму қоры», «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» сияқты мекемелерді жағаласақ, кепілдікке қоятын затыңның құны кемі пәленбай миллиард теңге болу керек дейді. Ондай сомаға бағаланатын нысан ауданда қайдан бола қойсын?! Менің пікірім, қаражатты көп қажет ететін бизнестік жоспарларға мемлекеттің қолдауы көрсетілсе, ауылдан да ірі өндірістер ашуға болар еді деп ойлаймын.
Серікбек Еркінбеков, зейнеткер,
Сарысу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Зағип жандарға арналған жаңа кітаптар жарық көреді
- 9 қаңтар, 2025
Жарқын жеңістерден үмітіміз мол
- 7 қаңтар, 2025
Ақпарат
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Жазасын өтеушілер бұқаралық спорт түрлерінен сынға түсті
- 30 желтоқсан, 2024
«Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел өтті
- 27 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді