Бірлесіп бұлақ көзін ашсақ...

Бірлесіп бұлақ көзін ашсақ...
ашық дереккөз
Бірлесіп бұлақ көзін ашсақ...

Қазір ауылдағы ел-жұрт жауын жаумауы салдарынан қурап, күйіп бара жатқан жоңышқалықтарын, егіні мен бау-бақшаларын ылғалдандыруға су таппай әбігерге түсуде. Алғашында Каменка ауылының он азаматынан 500 теңгеден су ақысын жинап, аудандағы «Құлан су» мекемесіне апарып өткіздім. Бірақ, арықпен ауылдағы тұрғындардың ауласына су келмеді. Өйткені, арықтарды арам шөп басып кеткен екен. Елді ұйымдастырып, арық шаптық. Сөйтсек, биылғы тау суы көзінен келетін судың мөлшері жылдағыдан әлдеқайда аз болып шықты. Мысалы, былтыр секундына 2 мың литрге дейін су келетін болса, ал, биыл 450-650 литрден аспайды. Қарақыстақ су көзінен Жаңатұрмыс, Қазақ, Каменка, Көкарық ауылдары тау суын алады. Алайда, жоғары жақта отырғандар осы судың өзін жібермей отыр. Бәлкім, оны Қарақыстақ су электр стансасындағылар пайдаланып жүрген шығар. Менің айтайын дегенім, ол емес, біз осы ауылдардың азаматтары бір жеңнен қол шығарып, тау басындағы қайнар-бұлақтардың көзін ашуға шығуымыз керек деп ойлаймын. Сонда су көбейер... Бұл ұсынысымызға ешкім қарсы бола қоймас.

Өмірзақ Жорабеков, Георгий Кудряшов, Каменка ауылының тұрғындары.

Т. Рысқұлов ауданы.

Ұқсас жаңалықтар