Н. Назарбаев: Головкин Қазақстанның халықаралық деңгейдегі беделін арттырды, біз сенің жеңісіңді мақтан етеміз
- author «Ақ жол»
- 27 шілде, 2014
- 594
Елбасы бокстан WBA және IBO тұжырымы бойынша кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионы атағын қорғап қалғаны үшін Геннадий Головкинге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Г.Головкиннің жеңісі боксты сүйетін көпшілік қауым және барша қазақстандық жанкүйерлер үшін тамаша тарту болғанын атап өтті.
«Лайықты қарсыласпен адал бәсекеде сен жауынгерлік мінез, қайсар рух танытып, дайындығыңның мықты екенін көрсеттің, өзіңнің үздік екеніңді тағы да дәлелдедің, Қазақстанның халықаралық деңгейдегі абырой-беделін арттырдың. Біз сенің жеңісіңді мақтан етеміз», – делінген жеделхатта.
Нұрсұлтан Назарбаев спортшыға денсаулық, бақ-береке және кәсіби рингтегі алдағы бәсекелерде жарқын жеңістер тіледі.Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді















