«Нұр Отан» нақты істерді жүзеге асыратын халықтық партия екенін ұзақ жылдар бойы өз ісімен дәлелдеп келеді. Оның әр өңірдегі, қала мен аудандардағы филиалдары да ауылдағы ағайынның сеніміне ие болып, түрлі мәселелерге бейжай қарамай, барынша көмек қолын созып келеді. Соның арқасында жыл өткен сайын партия аумақтық филиалдарының іргесі нығайып, нұротандықтардың қатары артуда. «Нұр Отан» партиясының Мойынқұм аудандық филиалы – соның бірі. Бүгінгі таңда аудандық филиалдың 22 бастауыш ұйымы мен 78 партиялық тобы бар. Олардың барлығында 4017 партия мүшесі есепке алынған. Партия филиалының өкілдері тұрғындар мен жергілікті атқарушы билік арасындағы байланысты арттырып, ортақ мақсат төңірегінде бірлесе жұмыс істеуге жұмылдырып отыр. Осының арқасында көпшіліктің партияға деген сенімі артты. Жоспарға сай өткізілетін қоғамдық қабылдауларға келіп, өздерінің мұң-мұқтаждарын жеткізген аудан тұрғындарының өтініштері партия филиалы тарапынан әрқашан да қолдау тауып отырды. Атап айтсақ, бірінші жарты жылдықта қоғамдық қабылдауға 123 өтініш түсіп, оның 38-і оң шешімін тапты. Ал қалған өтініштер бойынша тиісті құқықтық кеңестер берілді. Түскен өтініштердің әрқайсысының артында адам тағдыры мен қиналғанда қолдау көрсетуді сұрағандардың көптеген мәселелері жатқаны айтпаса да белгілі. Сол үшін де біз әр адамға барынша сапалы кеңес беруге тырысамыз. Бұдан бөлек, көшпелі, тақырыптық және «Скайп» байланысы арқылы қоғамдық қабылдаулар кестеге сай жүргізілуде. Бүгінге дейінгі қоғамдық қабылдаулардың жұмысына қарап, біз көбінде азаматтардың құқықтық сауатсыздығынан қиындықтарға тап болатынына көз жеткізіп отырмыз. Сондықтан да көп ретте сауатты берілген құқықтық кеңестің өзі кез келген мәселені қалай оң шешуге болатынын көрсетеді. Тығырыққа тірелген азаматтарға жөн сілтейді. Осының өзі партияның жоба-жоспарлары халықтық сипат алғанын дәлелдейді. Ел тұрғындары шын мәнінде өз мүддесін жоғары дәрежеде қорғайтын партияға үлкен сенім артты, сондай-ақ бұл партия әлеуетінің қуатты екенін айшықтап отыр. Бүгінде партияның қоғамдық қабылдаулары азаматтардың көптеген мәселелерін ойдағыдай шешуге күш салатын және нақты жұмыс істейтін құрылымға айналуы да сол себептен. Сонымен қатар қазіргі кезде партиялық бақылау комиссиясының да құзыреті артқан. Аталмыш комиссия ағымдағы жылдың алты айында 4 отырыс өткізіп, 4 қаулы қабылдады. Жиындарда көтерілген 19 ұсыныс жан-жақты қаралып, түгелдей орындалды. Жалпы, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы алғашқы жарты жылдықта республикалық деңгейде 45 және аудандық деңгейде 47 шара ұйымдастырып, барлығын да тиісті деңгейде өткізіп шықты. Оған аудан бойынша 3023 адам қатысты. Ал партиялық жобалар аясында 18 шара өткізіліп, оған 717 адам қатысқанын да айта кеткен жөн. Аудандағы жастар мәселесі де партия назарынан тыс қалған емес. Қазіргі кезде Мойынқұмдағы «Жас Отан» жастар қанатының аудан бойынша 205 мүшесі бар. Олардың бәрі де өз саласының үздіктері, өз ісінің шеберлері деуге толық негіз бар. Бүгінге дейін нұротандықтардың атқарған жұмысы аз емес. Алайда келешектегі жоспарлы міндеттер одан да ауқымды. Жұмыла көтерген жүктің қашанда жеңіл болатыны ақиқат. Сол себепті тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мен жас ұрпақтың денсаулығын сақтау бағытындағы қолға алған шаралар әрі қарай да өз жалғасын таппақ. Тағы бір айта кететін жайт, Елбасының биылғы Жолдауы арқамызды кеңге салуға болмайтынын, айтылған, қабылданған шешімдерді жүзеге асыруды бүгіннен бастап қолға алуымыз керектігін көрсетіп берді. Жолдаудағы жүктеген міндеттер – экономикасы мықты, әділетті әлеуметтік саясат жүргізетін, барлық салаларда бірдей жетістіктерімен мақтана алатын мемлекет құру. Елімізде оның алғышарты қаланып та қойған. Бірақ қол жеткізген табыстарымызға масаттанып отыру ертеңгі күні тоқырауға апарады, сондықтан бір сәт те тізгінді босатпауымыз керек. Халықтың бізге деген сенімі зор. Сондықтан біз осынау үлкен сенімнің үдесінен шығуға тиіспіз.
Манарбек КӨШКІМБАЕВ, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
Мойынқұм ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді