Қылмыстың өтемі – жаза
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаменті аса ірі мөлшердегі психотроптық заттарды заңсыз сатып алып, сақтап және тасымалдаған ұйымдасқан қылмыстық топты анықтады.
Көңіл көтеру орындарында бармен және даяшы болып жұмыс істеп, ақша тауып жүрген Рамазан Әшім мен Әмірлан Валиевтің ортақ таныстарының өтініші бойынша Алматы қаласынан Таразға синтетикалық есірткі жеткізумен айналысқандығы белгілі болды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу нәтижесінде олар ұсталып, наркологтердің қорытындысы бойынша тұтынушының тез психологиялық және физикалық тәуелділігін туғызатын метилендиоксиамфетамин (MDMA) түріндегі психотроптық заттар заңсыз айналымнан тәркіленді.
Шілде-тамыз айлары аралығында Тараз қаласындағы облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында тыңдалым өтіп, қалыптасқан дәлелдеу базасын зерттеуден кейін сот Әшім Рамазан мен Әмірлан Валиевті 4 жылға бас бостандықтарынан айыруға үкім шығарды.
Шығарылған үкім жастарды психотропты заттарды тарату жолымен жылдам ақша табуға шақыратын, «заңды есірткіні» саудалауда құқықтық салдардың болмауы мен қауіпсіздігі туралы жалған ой қалыптастыратын күмәнді интернет сайттар мен әлеуметтік желілерде орналастырылған жарнамалардың қауіптілігін растады.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыс
бойынша департаменті.
Ұқсас жаңалықтар
Таза ауыз сумен 19 елді мекен қамтылды
- 6 желтоқсан, 2025
Масылдық неге дендеп барады?
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




