«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Бірлікті ту еткен байқау

Бірлікті ту еткен байқау
Автор
Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының ұйымдастыруымен «Бақытты болашақ» оқушылар сарайының акт залында «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы – 2026» облыстық байқауының ақтық кезеңі өтті. Оған аудандық және қалалық кезеңде үздік деп танылған 12 бастауыш кәсіподақ ұйымы қатысты.

Байқаудың мақсаты – бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметін жандандыру, олардың жұмыс тиімділігін арттыру, еңбек ұжымдарындағы беделін нығайту және озық тәжірибелерін тарату. Байқауды Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Бахтияр Қараулов, Amanat партиясының облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Дауыл Бейсенқұлов және Жергілікті кәсіподақ төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ерұлан Мағзымбеков ашып, құттықтау сөз сөйлеп, командаларға сәттілік тіледі.

– Бүгінгі байқауға білім саласында жұмыс істеп жатқан 822 бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ішінен іріктеліп, білімімен де, біліктілігімен де көзге түскен үздік 12 команда қатысуда. Олар о сында өз шеберліктерін, білімдері мен еңбек қатынастарының орындалуын, кәсіподақ мүшелерінің құқықтарының қорғалуын жанжақты көрсетеді. Осы байқауға Қызылорда мен Түркіст ан облысынан келген әріптестеріміз де қатысуда. Олар жайдан-жай келмей бір-бір ынталандыру жүлдесін тағайындап отыр. Мұндай қолдауды облыстық кәсіподақтар орталығы мен Amanat партиясының облыстық филиалы да көрсетуде, – деді Ерұлан Сәбенұлы.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрады. Алдыңғы ке зеңде қатысушылар өз ұйымдарының қызметін сипаттайтын құжаттар мен жетістіктерін ұсынса, ақтық кезеңде кәсіби және көшбасшылық қабілеттерін жан-жақты көрсетуге мүмкіндік алды. Сайыс барысында қатысушылар еңбек және салалық заңнама лар бойынша тест тапсырып, кәсіподақ қызметіне арна лған бейнероликтерін таныстырды.

Атап өтерлігі, бейнероликтер терең мазмұнмен жасалып, тақырыпты аша түскен. Әрбір команданың дайындаған түсірілімі бірінен-бірі асады. Ал «Біз кәсіподақ мүшесіміз, себебі… » тақырыбында команда лар өз ұйымының үздік тәжірибелерімен бөлісті. Бұл номинацияны әсерлі көрініспен көрермен жүрегін жаулағандардың қатарында Қордай, Шу, Меркі аудандары мен Тараз қаласы бар. Әсіресе Шу ауданының «Тәтті бал» қойылымы ертегі кейіпкерлерімен сахна ажарын аша түсті. Сондай-ақ Мойынқұм ауданының Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының «Еңбекші одақ» қойылымы жастардың сөзімен айтқанда «залды жарды».

Сондай-ақ Т.Рысқұлов ауданының жігерлі жастарының да белсенділігін атап өтуге тұрарлық. Олардың да дайындаған нөмірі көрермен ойынан шықты. Байқау қорытындысында Amanat партиясының облыстық филиалы жанындағы «Әйелдер қанатының» үйле стірушісі Рахия Тұрмаханбетова байқауда жастардың жасанды интеллектіні жақсы меңгергенін атап өтті.

«Бүгінгі байқаудың түйіні – бірлікті ту етіп көтердіңіздер. Сол бірліктің арқасында білімпаздықтарыңызды, біліктіліктеріңізді, кәсібиліктеріңізді көрсеттіңіздер. Көңіліміз толып, толқып отырдық», – деді ол.

Ал білім қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулла бүгінгі іс-шарадан алған әсерін жасыра алмады.

«Біз тәжірибе алмасу үшін келгенбіз. Байқауға қатысып, керемет әсерге бөлендім. Қай жағынан алып қарасам да облыстың деңгейі республикада да жоғары. Шынымды айтсам, байқаудан алған эмоциядан әлі арыла алмай тұрмын», – деді кеш қонағы.

Қазақстандық салалық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Қызылорда облыстық ұйымының төрағасы Гүлнар Есқалиева атқарылған жұмысқа жоғары баға берді.

«Қарап, бағамдап отырсам, барлығымыздың мақсатміндетіміз, атқарып отырған жұмысымыз бір бағытта екен. Бастысы, өңірдің білім саласы кәсіподағының құқықтық сауаты жоғары екенін көрдік бүгін», – деп атап өтті.

Облыс әкімдігі білім басқармасының оқуәдістемелік кабинетінің басшысы Шахризада Өсерова бүгін білім беру ұйымдары қызметкерлерін басқа қырынан танығанын айтты. Ал түйінді әділқазылар алқасының төрағасы, Жергілікті кәсіподақ төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ерұлан Мағзымбеков қойып, байқау барысында командалар жіберіп алған, әттеген-ай деген тұстары мен жетістіктеріне тоқталып, алқа шешімін жария етті.

Сонымен ІІІ орынды Мойынқұм ауданынан қатысқан Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш кәсіподақ ұйымы иеленді. ІІ орын Шу ауданынан қатысқан М.Әуезов атындағы орта мектеп ұжымына берілсе, І орынға Қордай ауданының «Техникалық шығармашылық және кәсіби білім беру орталығының» бастауыш кәсіподақ ұйымы ие болды.

Бас жүлде Тараз қаласынан қатысқан №40 гимназиясына беріліп, «Үздік кәсіподақ ұйымы» атанды. Қалған командалар арнайы тағайындалған номинацияларға ие болды. Барлық команда қаржылай сертификаттармен марапатталды.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ

Тараз қаласы

Ұқсас жаңалықтар