Елімізде әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына қосылу жолында орасан жаңғыртулар жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жыл сайынғы Жолдауларында халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға ерекше көңіл бөліп келеді. Мемлекет басшысының осы тапсырмаларын орындау жолында Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының ұжымы бар күш-жігерлерін жаңаша жұмыс істеуге жұмылдыруда.
Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы автотасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының Көлік заңнамасын және көлік кешені саласындағы басқа да нормативтік-құқықтық кесімдерінің сақталуына бақылау-қадағалауларды жүзеге асырумен шұғылданады. Мекемеде мол тәжірибесі бар өз істерін жетік білетін мамандар шоғырланған. Олардың жігерлі де жемісті жұмысының нәтижесінде үстіміздегі жылдың жарты жылындағы белгіленген жоспар артығымен орындалды. Еліміздің автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарымен рұқсат етілген өлшемдерден асатын мөлшермен ел аумағы арқылы өткені үшін алым жинау жоспары 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында 116,7 пайызға орындалып, тапсырмадағы 54265, 0 мың теңгенің орнына 63340,8 мың теңге жиналды. Осы мерзімде жылжымалы-көліктік бақылау посттарында 16748 автокөлік құралдары тексерілді. Оның 7561-і шетелдік, қалған 9187-і отандық автокөліктер. Өткен алты айда жылжымалы көліктік бақылау посттарында 314 әкімшілік хаттама толтырылып, 38204,7 мың теңге айыппұл салынып, жергілікті бюджетке 18591,6 мың теңге өндірілді. Оның ішінде 89 хаттама бойынша Әділет министрлігінің сот актілерін орындау комитетінің аумақтарына айыппұлды мәжбүрлі түрде өндіру үшін қаулылар жіберілді. Ауыр салмақты және ірі көлемді жүк автокөліктеріне 364 арнайы рұқсат қағаз беріліп, 49101,9 мың теңге алым өндірілді. Жылжымалы көліктік бақылау постының мамандары күнделікті кезекшілік кезінде шетелдік автокөлік құралдарының рұқсат қағаздармен жүріп өтуін қатаң қадағалайды. Алты айдың қорытындысында тексеру барысында үш шетелдік автокөліктің тепе-теңдік алмасу келісімі бойынша рұқсат қағаздары жоқтығы анықталды. Олар – Румыния, Латвия және Беларусь мемлекеттерінің өкілдері. Әр автокөлік 926 мың теңгеден айыппұл төлеп, өз елдерінен рұқсат қағаздарын алдырып, қайтып кетті. Автокөліктерінің рұқсат қағаздары дұрыс толтырылмаған төрт шетелдік автокөлік анықталып, оларға 148,1 мың теңге айыппұл салынып, өндірілді. Шетелдік 24 автокөлік иесіне рұқсат қағазы болмағандықтан 3729,0 мың теңге айыппұл салынып, өндірілді. Автомобиль көлігіндегі шаруашылық нысандарына жүргізілген инспекторлық тексеру көптеген кемшіліктерді анықтады. Жыл басынан бері автомобиль көлігіндегі 6 шаруашылық субъектісіне тексеру жүргізілді. Соның нәтижесінде 53 бұзушылық анықталды. Осыған қарай 4 әкімшілік бұзушылық хаттама толтырылып, жергілікті бюджетке 83,3 мың теңге өндірілді. Екінші жартыжылдықтың тексеру жоспарына «Казфосфат» ЖШС және «Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ енгізілді. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында 2013 жылдың сәуір айынан бастап барлық шетел рұқсат бланкілерінің өтініштері тек электрондық нұсқада қабылданып, олар халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы отандық тасымалдаушыларға берілуде. Алты айда электрондық нұсқада 51 өтініш қаралды. Жыл басынан бері 170 шетел рұқсат бланкілері берілді. Көліктерді техникалық тексеруден өткізуді жекеменшік техникалық бақылау орталықтарына беру сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында қолға алынғаны белгілі. Бұл – бір жағынан әлемдік тәжірибеге сүйеніп жасалуда. Мұның өзі жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау және көліктердің техникалық жарамдылығын арттыруға да игі ықпалын тигізетін болады. Кейінгі кезде тексеруден өткізілетін көліктерге қатаң талап қойылуда. Бүгінде облысымыздың аумағында мемлекеттік тізімге енгізілген 29 техникалық бақылау орталығы жұмыс істеуде. Оның алтауы заңдық тұлға болса, қалғандары жеке кәсіпкерлер. Таразда 16 техникалық бақылау орталығы бар. Оларға өткен алты айдың қорытындысында 66199 автокөлік міндетті техникалық байқаудан өтуге келген. Оның 56095 автокөлігі техникалық байқаудан өтсе, 10104-і жөндеу үшін кері қайтарылған. Облыстағы 29 техникалық бақылау орталығының 25-і стандартқа сәйкестендірілген. Техникалық бақылау орталықтарында жүргізушілерге қойылып отырған қатаң талап жол көлік оқиғаларын азайтуға игі ықпалын тигізуде.
Ерлан Ермекбаев, облыс бойынша көліктік бақылау инспекциясының автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- Бүгін, 14:19
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді