Дәрілік заттардан жанама әсер пайда болған жағдайда, қандай шараларды қолға алған жөн?
- author «Ақ жол»
- 26 шілде, 2014
- 252
Дәрілік заттар емдеп қана қоймай, кейде олардан ағзада жанама әсерлер туындайтын жағдайлар кездесіп жатады. ДДСҰ анықтамасына сәйкес, дәрілік заттардың жанама әсерлеріне, емдеуге, аурудың диагностикасы мен алдын алу үшін препараттарды тағайындаған кезде пайда болған, ағза үшін кез келген жағымсыз әсерді жатқызады. Жанама әсерлер пайда болған жағдайда, қандай шараларды қолға алған жөн? Ол үшін, келесі негізгі үш қадамға құлақ асыңыз: 1-қадам: өзіңізбен бірге қабылдаған дәрілік заттың бумасын алу (дәрілік заттың атауын, шығарылым формасын, дозасын, өндіруші мен өндірілген елді дұрыс жазып алу үшін ғана емес, сондай-ақ, шығарылым мерзімі мен сериясын жазу үшін). 2-қадам: дәрігерге, тұрғылықты жеріне байланысты медициналық ұйымға немесе жақын арадағы кез келген медициналық ұйымның кезекші дәрігеріне жүгіну. 3-қадам: хабарлама карточкасын (сары карточканы) толтыру. Медицина қызметкерлері мен халыққа дәрілік заттар туралы шынайы ақпарат ұсыну үшін 2009 жылы ҚР ДСМ жетекшілігімен Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы құрылды. Орталық тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңбері мәселесі бойынша ақпарат ұсынып, дәрілік заттарды дұрыс пайдалану және олардың жанама әсерлері жөнінде халық сауаттылығын арттыруға ат салысып келеді. Біздің қызметіміз Сіздерге арналады! Халыққа арналған бірыңғай тегін телефон желісіне – 8 800 080 88 87 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) хабарласыңыз.
Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы ҚР ДСМ «ДСДРО» ШЖҚ РМК www.druginfo.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді