Исламтанушылар кездесу өткізді
Бүгінгі күні экстремизм және терроризмнің алдын алу маңызды болып тұрғаны аян. Бұл орайда мемлекет тарапынан да бірқатар жұмыстар қолға алынып, түрлі мазмұнды шаралар өткізілуде. Облыстық «Оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесі Тараз қаласы мен бірнеше аудандарда республикалық деңгейдегі білікті теолог және исламтанушы мамандардың қатысуымен кездесулер ұйымдастырды. Атап айтқанда, Тараз қаласындағы «Шайх Зуннун» мешітінде Phd докторанты, исламтанушы Нұржан Стамбакиев жамағатпен жүздесті. Болашақ ғалым көпшіліктің көкейіндегі сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, бірқатар мәселелерге қатысты өз ойын ортаға салды. Сондай-ақ «Әзірет Әли» мешітінде Phd докторанты, иламтанушы Асқар Әкімханның лекциясы жамағатты қызықтырды. Оған да қойылған сауалдар аз болмады. Шаралар легінің жалғасы Phd докторанты, исламтанушы Озат Шамшиевтің қатысуымен «Әзірет Әли» мешітінде, магистр, исламтанушы Наздан Мәукеннің қатысуымен «Әбдіқадір» мешіттерінде өтті.
Исламтанушы мамандар Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінде, Шу қалалық «Жәми» мешітінде өз дәрістерін оқыды. Осындай шаралардың бүгінгі таңда ауадай қажет екені анық. Мешіттерге жиналған жамағатқа дәріс оқушылар дәстүрлі дініміз бен дәстүріміздің негізгі мақсат-міндеттерін, ұлттық құндылықтардың маңызын және дәстүрлі емес діни ағымдардың зияндығын санаға жетерліктей етіп түсіндіріп, ара-жігін ашып көрсетті.
Қарапайым тұрғындар өздерін толғандырып жүрген мәселелерге нақты жауап алды. Ғалымдардың қатысуымен өткен мұндай кездесулер алдағы уақыттарда да жалғасын таппақ.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




