«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Атымды адам қойған соң... өзіндік өнері бар өңір басшыларын қалайша әмбебап әкімдер демеске

Атымды  адам қойған соң...  өзіндік өнері бар өңір басшыларын қалайша әмбебап әкімдер демеске
ашық дереккөз
Атымды адам қойған соң... өзіндік өнері бар өңір басшыларын қалайша әмбебап әкімдер демеске

Өңірлер бірінші басшылары жұмыс кестесінің өте тығыздығына қарап, олар үшін демалыс күндері мен бос уақыттары жоқ деуге болады. Алайда, КазТАГ агенттігі әкімдердің бос уақыттарында қайда, қалай демалғанды ұнататынын, спорттың қандай түрлерімен шұғылданатынын білуге талпынып көрді. Белгілі болғандай, барлық өңір басшылары тұрақты түрде спорт залдарға барып тұрады екен. Және ол таңғаларлық та жағдай емес. Мысалы, Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков еркін күрестен спорт шеберлігіне кандидат. Атырау облысының әкімі Нұрлыбек Ожаев бокстан спорт шебері, Қазақстанның екі дүркін чемпионы. Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев та бокспен шұғылданған, тіпті спорт шеберлігіне үміткер. Ал, Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевтың бірінші дәрежелі боксшы атағы бар.

17 Сонымен қатар әкімдер футбол ойнағанды ұнатады және мұны «ұжымдастырудың классикалық үлгісі» деп те атайды. Ақтөбе облысының басшысы Архимет Мұхамбетов кезінде «Ақтөбе Ленто» футбол командасының

20

президенті қызметін де атқарған. Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов болса әрбір күнді бір партия теннис ойнаудан немесе велосипедпен серуендеуден бастағысы келеді екен. Және ол гольф ойнауға да

19

тек еңбек демалысы кезінде уақыт табатынын қынжыла жеткізіпті. Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағанбетов те спортпен бала күнінен шұғылданған. Нақтылы кезеңде велоспорт пен гольф ойнағанды ұнататын көрінеді. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов суда жүзумен, теннис ойнаумен айналысады, атпен серуендегенді жаны сүйеді. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың веложарыстар мен жеңіл атлетика кростарына бірнеше рет қатысқанын біреу білсе, біреу білмес. Алматы облысының

21

әкімі Аңсар Мұсаханов та ат спортына қызығады, ипподромға жиі барып тұрады. Белгілі болғанындай Қанат Бозымбаев экстримді ұнатады екен. Ол, тіпті, квадрацикльмен жүйткігенді жақсы көреді. Ал, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов спортпен отбасы болып шұғылданғанды қалайды. Отбасы мүшелерімен бірге ол алыс қашықтықтарға жүгіреді,

22

қысты күндері шаңғымен сырғанайды. Спорттан бөлек шенеуніктер шет тілдерін меңгеруді, сәулетшілік және фотоөнерді, музыкалық аспаптарда ойнағанды, өлкетануды ұнатады. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ермек Көшербаев кәріс тілін үйренумен әуестенеді екен. Тіл білудің артықтығы жоқ, әрине. Оңтүстік Кореядан келген делегация өкілдері онымен өз ана тілдерінде сөйлесіп, шенеуніктің кәріс тілінде еркін сөйлейтініне таңданыстарын білдіріпті. Ал, Семейдің әкімі Айбек Кәрімов демалыс уақытында Ш.Уәлихановтың Қашғарияға сапары мен Потанин саяхатын зерттеуге ден қояды екен. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов болса классикалық шығармалар оқуға

18

уақыт табады. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев отырыстар кезінде әуелетіп ән салғанды да жақсы көреді. Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсахановтың өлең жазатын да өнері бар. Тіпті, оның өлеңдеріне ән де жазылған. Ахметжан Есімовтің Алматы қаласы тұрғындары мен қонақтарының алдында музыкалық аспапта ойнап, қазақтың халық әні «Япырайды» шырқап, өзін жаңа қырынан танытқаны белгілі. Иманғали Тасмағанбетов те халық әндері және классикалық музыканы тыңдағанды ұнатады. Осы орайда «Астана 2014» бард әндер фестивалінің ұйымдастырушылары ән форумында Астана әкімі бір ән шырқайды деген үмітте. И. Тасмағанбетов сонымен қатар өзінің кәсіби жұмысымен

23

байланысты Чарлз Лендридің «Креативный город», Ян Гейлдің «Города для людей» атты еңбектерін сүйіп оқиды. Өңірлер әкімдері ішінде Ақмола облысының басшысы Сергей Кулагин КазТАГ агенттігінің ресми сауалдарына қысқа ғана жауап қайырыпты. Оның жауабының толық нұсқасы мынадай: «Менің бос уақытым көп емес. Өңір басшысы ретінде мен өз міндеттерімді атқаруым керек. Өңір халқының жайлы тұрмысы үшін мемлекеттік саясатты жүргізуге тиіспін. Мүмкіндік болған кезде мен бос уақытымды спорт залда өткіземін».

КазТАГ материалы негізінде дайындаған Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар