«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«ЕуроХим» – табысты ықпалдастықтың үлгісі

«ЕуроХим» – табысты ықпалдастықтың үлгісі
ашық дереккөз
«ЕуроХим» – табысты ықпалдастықтың үлгісі

Қазақстан, Ресей және Беларуссия мемлекеттері Президенттерінің Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартқа қол қойғаны, биылғы жылдың тарихында  айрықша орын алатын айтулы жаңалық болғаны даусыз.

Еуразиялық экономикалық одақ ең алдымен оған қатысушы мемлекеттердің экономикалық интеграциясының жоғары деңгейге көтерілуін реттейді. Осы келісім негізінде еркін тауар айналымы жолға қойылып, қызмет көрсету, капитал және жұмыс күшін тарту бағытындағы интеграциялық үдерістер толыққанды қамтамасыз етіледі. Сөйтіп келешекте ТМД кеңістігінде ірі жалпы нарықтың қалыптасуына жол ашылмақ. Елбасымыз атап көрсеткендей, бұл келісімнің біздің еліміз үшін тарихи маңызы өте зор. Бүгінде интеграция елімізде экономиканы дамытуға қабілеттілігі, капитал құю салалары және жұмыс орындарының ашылуы бойынша алғашқы нақты нәтижелерін көрсете бастады. Бұл үдерістерге өзіміз де атсалысып жатырмыз. Осыдан бірер жыл бұрын еліміздің Үкіметі мен Ресейдің «ЕуроХим» компаниясы арасында арнайы келісім жасалып, осыған сәйкес ресейлік ірі кәсіпорын біздің облысымыздағы Көк-Жон тау-кен өндіру кешенінде құрылыс жұмыстарын жүргізуді бастаған болатын. Бұдан басқа келісім негізінде жылына бір миллион тоннадан кем емес фосфор, азот және басқа да кешенді тыңайтқыштар өндіретін зауыт аймағында құрылыс жүргізу қарастырылған. Аталған тау- кен өндірісі құрылысына бүгінгі күнде 75 миллион АҚШ доллары инвестицияланды. Жалпы химиялық кешен құрылысына жұмсалатын капиталдық шығын жоспар бойынша шамамен 800 миллион АҚШ долларын құрайды. Бұл жоба еліміздің Үдемелі индустриялық-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқанын айту ләзім. Келешекте ресейлік алып компанияның еліміздің химиялық кластерінің бір бөлшегіне айналары даусыз. «ЕуроХим» компаниясы елімізде екі еншілес өндіріс кешені: «ЕуроХим – Тыңайтқыш» ЖШС және «ЕуроХим Қаратау» ЖШС-ын құрды. «ЕуроХим» компаниясының жоспарлары табысты жүзеге асса, мемлекетіміз үшін тиімділігі өте жоғары болмақ. Жаңа өндіріс кешені еліміздің ауылшаруашылығын қажетті жоғары сапалы минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етіп, елімізде ауыл шаруашылығы саласында сапалы өнім өндіруді жақсартады және өнімнің көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Шамамен, екі мыңнан астам жұмыс орны құрылатын болады. Сонымен қатар, бұл жобаның жүзеге асуы облыстың, оның ішінде өндіріс компаниялары орналасқан Жаңатас және Қаратау қалаларының экономикалық және әлеуметтік тұрғыда дамуына игі әсерін тигізеді. Бұдан бөлек, «ЕуроХим» аймақтың инфрақұрылымын дамытуға және әлеуметтік маңызы бар нысандарды қайта қалпына келтіруге және басқа да құрылыс жұмыстарын қаржыландыруға белсене атсалысатын болады. Осы мақсатқа сәйкес компания 10 миллион АҚШ долларын қарастырып отыр. Қорыта айтқанда, біздің өндіріс кешені азаматтардың өмір сапасын арттыруға және өңірдің экономикалық әлеуетін нығайтуға өз үлесін қосады және ықпалдастықтың өзара тиімділігінің үлгісі бола алады деген сенімдеміз. 16Игорь Георгиади,  «ЕуроХим-Тыңайтқыш»  ЖШС бас директоры. 

Ұқсас жаңалықтар