Жалпы толерантты мінез-құлық тәрбие арқылы берілетіні баршаға аян. Ол үшін қоғамдық сананы қалыптастыру керек. Осы мақсатта облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғылыми сараптамалық қолдау бөлімі «Қоғамдық бірлестіктер мен жастар ұйымдарының этномәдени құзыреттілік және құқықтық сауаттылығын көтеру бойынша жұмыстар жүргізу» тақырыбында Сарысу ауданында ғылыми-әдістемелік коучинг өткізді. Коучинг барысында облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесінің бас сарапшысы Альбина Тапаева «Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаты: қазіргі міндеттері және жүзеге асыру тетіктері» тақырыбында баяндамасын жасап, Қазақстанның қазіргі даму кезеңіндегі әлеуметтік-мәдени құндылықтардың трансформациялануын түсіндірді. Ұлттық код және қоғамдық сана ұғымдарын талдап, талқылады. Семинарда М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Конституциялық және халықаралық құқық» кафедрасының аға оқытушысы, құқық магистрі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Асқар Қадырқұлов жалпы азаматтық сәйкестіктің құқықтық негіздеріне тоқталды. Сөз арасында жастар ұйымдарының қызметі жөнінде ой қозғап, тыңдаушыларды тәжірибе және пікір алмасуға шақырды. Бұл күні талқыға салынған тақырыптың бірі – мемлекеттік қызметтің негізгі мақсаттары, міндеттері және функциялары. Семинар Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті «философия және толеранттылық» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Гульгина Гизатуллинаның «Қоғам бірігіуіндегі тіларалық байланыс рөлі» баяндамасымен түйінделді. Ол өңірдегі этноконфессионалды жағдайды реттеу, тіларалық түсіністік пен тұрақтылықты арттыру секілді бірқатар мәселелерді қозғады.
«Aq jol-Аqparat».
Сарысу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Референдумға қатысу – азаматтық борыш
- 12 наурыз, 2026
Бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




