Экономика
Қазақстан қырғыз елін 100 пайыз астық өнімдерімен қамтамасыз етеді
- author «Ақ жол»
- 23 шілде, 2014
- 653
Қазақстан қырғыз елін 100 пайыз астық өнімдерімен қамтамасыз етеді
Қазақстан қырғыз елін 100 пайыз астық өнімдерімен қамтамасыз етеді. Бұл туралы бүгін Қырғызстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Эсенгул Омуралиев мәлім етті.
Оның атап өтуінше, соңғы 3 жылда Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда-саттық 40 пайызға өсім көрсетіп, бүгінде 1 млрд. доллардан асып жығылады. Ал ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында бұл көрсеткіш 500 млн. долларға жетіп отыр.
«Бізде өндірілетін электр энергиясының 90 пайызға жуығы Қазақстанға экспортталады. Біз экспорттайтын сүт өнімдерінің шамамен 60-70 пайызы да сіздердің нарықтарыңызға жөнелтіледі. Әрине сіздердің де тараптарыңыздан экспорталатын астық және астық өнімдерінің шамамен 100 пайызы Қырғызстанға жеткізіледі. Біз импорттайтын көмірдің 70-80 пайызы да Қазақстаннан келеді. Елдеріңізде өндірілетін химиялық өнімдер де бізге жеткізіледі. Газ сатып алудамыз. Яғни, өзара сауда-саттық дұрыс жолға қойылған», - деді елші.
Э.Омуралевтің айтуынша, бүгінде Қырғызстанда қазақстандық капиталдың қатысуымен 272, ал Қазақстанда қырғызстандық капиталдың қатысуымен 125 кәсіпорын жұмыс істеуде.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




