Экономика
Қазақстанда 30 мың адам ипотекалық несиелерді төлеуге қауқарсыз - Қ. Келімбетов
- author «Ақ жол»
- 23 шілде, 2014
- 630
Қазақстанда 30 мың адам ипотекалық несиелерді төлеуге қауқарсыз - Қ. Келімбетов
Қазақстанда 200 мың адам ипотекалық несие алған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.
«2007-2014 жылдары 200 мың адам ипотекалық несиелерді алды. Солардың ішінде 30 мың адам бұл несиелерді төлеуге қауқарсыздық танытуда. Сондықтан бұл біз үшін үлкен мәселе», - деп тоқталды ҰБ басшысы.
Қ. Келімбетовтің сөзіне қарағанда, Ұлттық банк осы бағыттағы проблемаларды шешу үшін тиісті жұмыстарды екінші деңгейлі банктермен бірлесе атқарып жатыр.
«Осы мәселенің шешімін тапқан жағдайда оны сіздерге хабарлайтын боламыз. Алайда, бұл проблеманы шешудің жеңіл жолын көріп тұрғанымыз жоқ», - деді ол.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Сиыр соямын деп ауру жұқтырып алған
- 26 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




