ал жыл басынан бері ана өлімінің 2 фактісі тіркелген
Кеше облыстық қан орталығында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаеваның төрағалығымен республикалық штабтың көшпелі отырысы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев және бірқатар сала басшылар мен мамандары, медициналық көмек көрсету ұйымдарының жетекшілері қатысты. Астанадан арнайы келген Ләззат Мейрашқызы штабтың көшпелі отырысының мақсатын тілге тиек етіп, ана мен бала денсаулығын жақсартудың маңыздылығын айтып өтті. Ана мен бала өлімін азайту бойынша шұғыл шараларды қабылдау жайы сөз болған басқосуда жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсету мен саладағы бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Сондай-ақ ана өлімін азайту, медициналық туризмді дамыту турасында ой қозғалды. Негізінде белгілі болғандай жыл басынан бері аймақта ана өлімінің 2 фактісі тіркелген. Сондай-ақ аймақта 13 акушер-гинеколог маманы тапшы екендігі жиында ашық айтылды. Кездесу барысында қатысушылар аталған мәселелер бойынша нақты ұсыныстарын білдірді. «Денсаулық сақтау саласын жаңғырту» жобасы шеңберінде өткізілген кездесу барысында Алматы қалалық акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының директоры Динара Мырзахметова алғашқы болып баяндама жасады. – Еліміз бойынша биыл ана өлімінің көрсеткіші көңіл көншітерліктей емес. Бұл орайда акушерлік себептер 82 пайызды құрап отыр. Өткен жылы 65 пайыз болатын. Сондай-ақ облыс бойынша былтыр 86 адам скринингтік тексеруден өтсе, биыл олардың саны 91-ге жеткен, – деді ол сөзінде. Сонымен қатар Алматы қалалық педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры Риза Боранбаева, облыс бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Берік Жарқынбеков, облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов және өзгелер тақырып аясында баяндама жасап, кездесіп отырған өзекті жайттар, атқарылып жатқан жұмыстар мен қабылданған шаралар туралы ойларын ортаға салды.
Жанғазы АХМЕТ
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді