Аяймын
Демер бізді қай айбын,
Жастығың ба, кәрің бе?
О, аяймын, аяймын –
Оларды да, бәрін де.
Қыс жеткенше сақталған,
Жапырақты аяймын.
Табанымда тапталған,
Топырақты аяймын.
Өліп тынған көзімше,
Құйынды да аяймын.
Кісімсінген өзінше,
Миымды да аяймын.
Тақасуға – татымас,
Жауымды да аяймын.
Төрдегісі – қатынбас,
Қауымды да аяймын.
Бар санаға сіңе алмас,
Шариғатты аяймын.
Күніне мың құбылған,
Жамағатты аяймын.
Қонар басқа қонбаған,
Бақытты да аяймын.
Солқылдағын сомдаған,
Уақытты да аяймын.
Тұсындамын қай айдың,
Мейірімділік – кең ұғым...
О, аяймын, аяймын,
Есіркердей мені кім?
Жуалы ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді