Елбасы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасында ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстанның транзиттік әлеуетін көтеру мақсатында экономиканың салаларына цифрлы технологияны ендірумен қатар, мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру, IT мамандарды даярлау керектігін атап көрсеткен болатын. Ал ол үшін әрбір қазақстандықтың компьютерлік сауаттылығы жоғары болуы тиіс. Сондықтан Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында өркениет көшіне қосылудың бірден-бір жолы – білімге деген құштарлық екенін ашық айтып отыр. Жалпы жастардың жаңалықты білуге, үйренуге деген ынтасына қарап, ұлттың бәсекелік қабілетінің өлшемін бағалауға болады. Сол себепті, «Цифрлық Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың жолы саналады. Компьютерлік сауаттылықты арттырумен қатар тұрғындардың ақпаратқа қолжетімділігі деген мәселе қатар туындайтыны белгілі. Міне, осы себепті облыстық ішкі саясат басқармасы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша ақпараттық орталықты ұйымдастыру» және «Интернет-қабылдау» сайтының жұмысын ұйымдастыру және жүргізу» атты әлеуметтік жобаларын іске асырып, j-reception.kz және q-kenes.kz домендері негізінде жаңа сайттар ашты. Енді көпшілікті алаңдатып отырған өзекті мәселелерді қабылдау, тіркеу және қарау бойынша «Интернет қабылдау» сайтының жұмысын ұйымдастырып, жергілікті тұрғындар мен билік органдары арасында кері байланыс орнату және нығайту алдағы уақытта j-reception.kz сайты арқылы жүзеге асатын болады. Ал q-kenes.kz сайты Тараз қаласы және аудандардағы қоғамдық кеңес жұмыстарының ашықтығын көрсету мақсатында ашылған. – Елбасы Жолдауында көрсетілген міндеттерді орындау және цифрландыруға байланысты жұмысты жандандыру, оны ары қарай жетілдіру бағытында облыстық ішкі саясат басқармасы екі бірдей сайттың тұсауын кесіп отыр. Бұл – мемлекеттік тапсырыс аясында іске асқан бастама. Ақпарат ағынының толассыз жүруі, технологиялардың көз ілеспес жылдамдықпен дамуы – мемлекеттік қызметке жаңа міндеттер жүктейтіні белгілі. Ал атқарар міндеті екі бөлек интернет сайты арқылы біз осы талаптарды орындамақпыз. Мәселен j-reception.kz сайтына тіркелу арқылы кез келген адам өзінің сұрақтарына нақты жауаптар ала алады. «J» деген – Жамбыл облысы, «reception» – қабылдау дегенді білдіреді. Осылайша кез келген сұрақтарды қабылдап, жауап алуға жағдай жасап отырмыз. Ал екіншісі – қоғамдық кеңестердің q-kenes.kz сайты. Бұл сайтта да барлық ақпараттар орналастырылады. Оның басты ерекшелігі – аудандық газеттерге ПДФ форматтағы нұсқасын салуға мүмкіндік туатынында. Екі сайттың да мақсаты тұрғындарға дұрыс ақпарат жеткізу, ашықтық, кері байланыс орнату, – деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғали. Сайттардың ашылу салтанатында облыстық қоғамдық кеңестің хатшысы Сембек Сейдәзімов сөз сөйлеп, сайт жұмысына сәттілік тіледі. Ал «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Исламбек Дастан алдағы уаққыта сайттардың қалай жұмыс атқаратынын таныстырып өтті.
Камила БОРАШОВА
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді