Болашақ бес үй еді

Болашақ бес үй еді
ашық дереккөз
Болашақ бес үй еді

19Сара Мәдиева, 

облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы.

Халқымыздың санын қайтсек 20 миллионнан асырамыз деп кешенді шараларды жүргізіп жатқан бүгінгі уақытта жол-көлік апаттарының тым жиілеп кеткені, оның салдарынан талай жанның көз жұмып жатқаны жүректі сыздатады, әрине. Күн құрғатпай автокөлік апаты. Қаншама арыстай азаматтан бейбіт күннің өзінде айырылып қалудамыз. Құзырлы органдар мұндай жағымсыз оқиғаларға қалай жол беріп отыр? Күні кеше Талас ауданында орын алған жол-көлік оқиғасы да елдің жағасын ұстатты. Болашағынан үлкен үміт күттіретін бозбалалар жол үстінде жан тәсілім етті. Біз мұндайда «жазым ғой» деп өзімізді жұбатқандай боламыз. Сөйтіп жауапкершіліктен басымызды ала қашқымыз келеді. Бірақ, бәрібір ақиқаттан алшақ кете алмайсың. Жол бойындағы тәртіп жөнге келмей, тірлік ешқашан түзелмейді. Көз алдыңызға елестетіңізші... Бес азамат! Болашақ бес отбасы. Олардың тіккен отауынан кем дегенде төрт-бес баладан өсіп шығатын еді-ау. Егемен еліміздің бір бұрышын көтерер ұрпақ өрбитін еді. Бұл қаза баршаның қабырғасын қайыстыруда. Бұлай жалғаса берсе, оның түбі жақсылыққа апармайды.

Ұқсас жаңалықтар