Облыстық «Ақ жол» газетінің 01.07.2014 жылғы №98 санында «Тазалық табалдырықтан басталады» айдарымен жарияланған «Жұмбақ тас» жетімсіреп тұр» атты мақала «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қаралды. Мақалада көрсетілген ҚР Тұңғыш Президентінің саябағы аумағындағы «Жұмбақ тас» орналасқан көлдің жағдайы бойынша «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС басшылығымен түсініктемелік жұмыстар жүргізіліп, ескерту берілді. «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС күшімен аталған саябақтағы көлдің қамыстары орылып, тұрмыстық қатты қалдықтардан тазаланды. Қазіргі таңда «Жұмбақ тас» аумағы ретке келтірілген және күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде.
Бақытжан Жақсылықов, Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.
РЕДАКЦИЯДАН: Аталған мақалада екі мәселе көтерілді. Мысалы, Д. Қонаев көшесіндегі тоған ішінің ну қамыстан көрінбейтіндігі, тоқтау судың иістеніп жатқаны туралы сын ескерусіз қалдырылған. Мұның да қамысын орып, суын жаңалау керек емес пе?!
Ұқсас жаңалықтар
Майдангер аталарының ізін жалғаған
- 29 сәуір, 2025
Әскери шеруге төрт мыңнан астам адам қатыспақ
- 29 сәуір, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді