Баспахана жұмысымен танысты
Облыстық «Ақ жол» газетінің директор – Бас редакторы Көсемәлі Сәттібайұлы облыс орталығындағы «Сенім» баспаханасында болып, газетті басып шығару процесімен танысты. Баспахананың бас директоры Лаврентий Кан заманауи талапқа сай шведтік «СТР-Kоdаk» және «Solnа» баспа техникасының газет ісіндегі сапалы қызметін сөз етті. Жаңа ғимаратқа орналасқан бұл қондырғылар сағатына 30 мың дана газетті басып шығара алады екен. Бұрынғы баспахана қондырғысының қуаты 14 мың данадан артпайтын. Соның салдарынан газеттің кешеуілдеп басылып шығуы тапсырыс беруші тараптардың орынды ренішін туғызатын. Енді баспахана бұл қиындықтан құтылыпты.
Бас редактор К. Сәттібайұлы баспахана директорына баға мәселесін де қозғап, көрші Алматы мен Шымкент қалаларындағы дәл осындай заманауи технологиямен жабдықталған баспаханаларда газеттерді едәуір арзанға бастырып әкелуге болатынын сөз етті. Баспахана директоры Л. Кан баға мәселесінде тараптардың ортақ келісімге келуге болатынын айтты.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Тұлғалардың жолданымдары сапалы қаралуы қажет
- 31 наурыз, 2026
Байқаудың облыстық кезеңі аяқталды
- 31 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




