«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Көксай каналына су жіберілді

Көксай каналына су жіберілді
ашық дереккөз
Көксай каналына су жіберілді

Көксай өңірінде үлкен қуаныш. Бір қауым елдің тілегіне орай Үкіметтен 5,4 млрд. теңге бөлініп, өткен жылы күзде басталған құрылыс та аяқталды. Каналға су жіберілді.

Құрылыс облыс және аудан басшыларының тұрақты назарында болды. Онда жұмыс істеген «Адгезия», «Жігер-2004», «Сұңқар» ЖШС құрылысшыларының да қарқынды қимылдағанын айту керек. Содан да барлық негізгі жұмыстар белгіленген мерзімде аяқталып, каналға су жіберілді. Әрине, жол жөндеу, канал төңірегін тазалау сияқты жұмыстар біртіндеп атқарыла бермек. Ең бастысы су мәселесі шешілді. Каналға су жіберу барысын облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың тапсырмасы бойынша оның орынбасары Мұратбай Жолдасбаев пен аудан әкімі Батырбек Құлекеев арнайы барып көріп, құрылысшылармен ендігі атқарылар жұмыс жайын ақылдасты. Әзірге каналмен секундына 500 текше метр су ағуда. Кейін канал толық біткеннен кейін судың көлемі секундына 2,5-3,5 мың текше метрге дейін жетпек. – Диқандардың қуанышында шек жоқ. Елбасы мен Үкіметке, сондай-ақ облыс әкіміне алғысымыз шексіз. Жаңа канал шаруа қожалықтарының табысын молайта түсетіні сөзсіз. Біз де картоп алқабын ұлғайтатын боламыз, – дейді «Злиха» шаруа қожалығының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты Керімқұл Бегалиев.

Гүлмира Дембаева.

Жуалы ауданы.

Ұқсас жаңалықтар