«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Дала төсі дүбірге толды

Дала төсі дүбірге толды
ашық дереккөз
Дала төсі дүбірге толды

Бұл күндері ауданның егіс алқаптарында күздік бидай мен жаздық арпаға астық комбайндары түсіп, дала төсі дүбірге бөленуде. Биыл дихандар аудан бойынша 11921 гектар масақты дәнді-дақылдардың, оның ішінде 6000 гектар күздік бидай мен 5921 гектар жаздық арпаны шашпай-төкпей жинап алуға бел шешіп кірісуде.

ASI 2154.44cAnzeige0175_T660i_ACHIM_P053_011.dng 25Шілденің шіліңгір ыстығына қарамай мол өнім жинауға ұмтылған дихандардың алғашқы адымы көңіл қуантарлық. Жиын-терінге жаппай кіріскен орақшылардың көш басында түймекенттік «Түймекент-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Достық-99» және бурылдық «Достық-Ш» шаруа қожалықтары келеді. Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің апта басында берген мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі күнге аудан шаруалары масақты дәнді-дақылдардың 1450 гектарына (12,5 пайыз) орақ салса, 885 тонна дән бастырып үлгерген. Әзірше ақ егістің түсім өнімділігі 6,1 центнерден айналуда. Аудан бойынша масақты дәнді-дақылдарды жинауға 14 комбайн қатысуда. Әр күні санаулы егін орағының ырғалып-жырғалып жүруді көтермейтіні орақшылар үшін жақсы таныс. Сондықтан әр күні жылға азық болып отырған дихандар еңбек қарқынын арттыра түсіп, бұл жұмысты қайткенде қысқа мерзімде аяқтауға күш салуда.

Мұхтар Манекеев, журналист.

Байзақ ауданы.

Ұқсас жаңалықтар