Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 10 шілдедегі № 229-к өкімімен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы болып Мейірхан Әбілқайырұлы Сатыбалдин тағайындалды.
М. Сатыбалдин 1956 жылы туылған, ұлты – қазақ, білімі – жоғары, 1980 жылы қазақтың С. М. Киров атындағы мемлекеттік университетін «Құқықтану. Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. 1981-2006 жылдар аралығында Жамбыл облысы прокуратурасында тергеушіден бастап облыс прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 2006-2008 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары болды. 2008-2012 жылдар аралығында ҚР Кедендік бақылау комитеті Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары бойынша кедендік бақылау департаментінің бастығы қызметін атқарды. 2012-2014 жылдары ҚР Әділет министрлігінде түрлі лауазымдарда қызмет жолын жалғастырған.
Ұқсас жаңалықтар
№4 Модуль «Есептен шығару куәлігі»
- 10 наурыз, 2026
№3 Модуль «Дауыс беруге арналған бюллетень»
- 10 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




