«Қызымызға жала жабуы мүмкін»

«Қызымызға жала  жабуы мүмкін»
ашық дереккөз
«Қызымызға жала жабуы мүмкін»
дейді АҚШ-тағы қылмыстық іске қатысы бар деген күдікке ілінген қыз-келіншектердің тараздық ата-аналары Осыған дейін сайт беттерінде 25 адамның АҚШ-та қымбат көліктерді сатамыз деп, қаржылық ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны туралы хабарланған болатын. Оңтүстік округтік прокуратурасының мәліметінше, қылмыстық топтың құрамында Ресейдің – жеті, Грузияның – бес, Әзербайжанның – төрт, Қазақстанның – үш, Латвияның – екі және Украинаның екі азаматы болған. Сондай-ақ айыпталғандардың ішінде АҚШ пен Түркия азаматтары бар екен. Айыптау барысы бойынша, күдіктілер көлік сатылатыны жайлы жалған хабарламалар жариялап, адамдардан алдын ала кепілақы алып, жасырынып жүрген. Мұнымен қоса, алаяқтар жалған фирмалар ашқан. Осылайша, олардың келтірген залалы шамамен 4,5 миллион долларға жеткен. Прокуратура мәліметінше, осы іс бойынша әрбір күдікті 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Нью-Йоркте ұсталған тараздық қыз-келіншектердің жақындары қыздарға жала жабылды дейді. Бірінің әкесі қызымен бес жылдан аса уақыттан бері хабарласпапты. Мысалы, Диора Ашированың әкесі Мирсултан Ахунжановтың айтуынша, қызы жолдасымен және кішкентай баласымен 2010 жылы АҚШ-қа көшіп кеткен. «Ештеңе білмеймін, оның кеткеніне сегіз жыл болды. Алдымен анасы кеткен. Екі жылдай хабарласып тұрды, бірақ кейін араласпай кеттік. Мен Америкаға қоңырау шалатын бай емеспін. Тараздың өзінде әрең жүрмін. Жаңалықты қарап таңғалдым, мен мұндай қызды тәрбиелеген жоқпын», – дейді ол. Мирсултан Ахунжановтың болжауынша, қызын қылмыс жасауға басқа қазақстандық азаматша итермелеуі мүмкін, оның есімі – Азиза Джавадзаде (Джалолова). Алайда Азизаның анасы бұл тұжырыммен үзілді-кесілді келіспейді. Уайымдағаннан әйел ауруханаға да жатыпты. «Оның Америкада жүргеніне бес жыл болды. Медицина оқуын бітірді. Жұмыс істеді. Бәлкім, оған жала жапқан шығар, білмеймін, жаңалықты да оқи алмай қалдым. Ол наурызда ғана күйеуге шыққан», – дейді ол. «Aq jol-Аqparat».

Ұқсас жаңалықтар