Қазақстандықтардың 42 пайызы дәріні жарнамаға сеніп сатып алады
- author «Ақ жол»
- 17 шілде, 2014
- 595
Қазақстандықтардың 42 пайызы дәрі-дәрмекті жарнамаға сеніп сатып алады. Бүгін Үкімет отырысына арналған Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова осылай мәлім етті.
«Қазақстан үшін ғана емес, әлемнің барша халықтары үшін үлкен проблемалардың бірі - медициналық өнімдердің интернет арқылы сатылуы. Өйткені, өкінішке қарай, біздің азаматтарымыз интернеттерде жарнамаланатын дәрі-дәрмекті сатып алуды әдетке айналдырған. Мәселен, жақында жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, қазақстандықтардың 42 пайызы дәрілік заттарды жарнамаға сеніп сатып алады», - дейді Салидат Қайырбекова.
Сонымен қатар, министрдің дерегі бойынша, еліміздегі әрбір екінші қазақстандық дәрілік заттарды дәрігердің тағайындауынсыз-ақ қабылдай береді екен. Сондай-ақ, әрбір екінші қазақстандық дәрігердің кеңесінсіз антибиотиктерді қабылдап жүрген көрінеді.
«Антибиотиктерді дәрігердің кеңесінсіз қабылдау - өз денсаулығына өз қолымен залал келтіру деген сөз. Сондықтан да, жұртшылықтың дәрі-дәрмекке қатысты құқықтық сауаттылығын арттыруды жөн санаймыз, осы бағытта екінші жыл қатарынан елімізде 16 дәрілік-ақпараттық орталықтар жұмыс істеуде», - дейді министр. Оның сөзіне қарағанда, аталмыш орталыққа соңғы жылдары жұртшылық көбірек жүгіне бастаған.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында 46 көпқабатты тұрғын үй салынуда
- 1 желтоқсан, 2025
Жазушыға 100 сұрақ: Көсемәлі Сәттібайұлы оқырманмен кездесті
- 20 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




