«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ауылдағы жаңа нысан

Ауылдағы жаңа нысан
ашық дереккөз
Ауылдағы жаңа нысан

Қазақ ауылы тұрғындарының заманауи медициналық пунктте ем-дом қабылдау мүмкіндігіне ие болатын күні алыс емес. Оның ескіріп, әбден тозығы жеткен ескі ғимараты орнына жаңасы еңсе көтеріп жатқанына көп уақыт өте қойған жоқ.

– Жаңа емдеу орны бүгінгі талапқа сай жарақтандырылатын болады, – дейді құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Интерстройсеть» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің учаске бастығы Қанат Райымбеков. – Сырқаттарды қабылдауға, сондай-ақ емдеуге арналған күндізгі стационарлық бөлмелер, жара таңу кабинеті – барлығы да жобаға сай салынуда. Тіпті, медициналық жабдықтарды да сметада қарастырылған 21 миллион теңге қаржы қаражаты есебінен орнатып береміз. Қазір жалпы жұмыстың 95 пайызы бітті. Тек ғимарат ауласын абаттандыру ісі ғана қалып тұр. Жаңа ғимараттың құрылыс жұмыстарында бас-аяғы жиырмаға жуық жұмысшы тартылған. Олардың дені жергілікті тұрғындар. Жаңа нысанды көруге бізбен бірге келген ауылдық округ әкімі Ораз Танкеев те мұндағы құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Құрылысшылар жаңа нысанның соңғы шегелерін қағу үстінде.

Сейсен ҚОЖЕКЕ,  «Ақ жол».

Т. Рысқұлов ауданы.

Ұқсас жаңалықтар