Еліміздегі мемлекеттік қызмет сапасының деңгейін көтеру, мемлекеттік қызметке кіру рәсімдерінің ашық және объективті өтуін қамтамасыз ету үшін 2014 жылы алғаш рет заңнама жүзінде мемлекеттік органдарға алынатын кадрларды іріктеу бойынша конкурстар өткізу кезінде байқаушылар мен сарапшылар институты енгізілді. Әрі соның негізінде ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында облыста өткізілген 105 конкурстың 48-іне үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері байқаушы және сарапшы ретінде қатысуға мүмкіндік алды. Міне, осынау әріптестікті одан әрі нығайта түсу мақсатымен өткен аптада Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті «Нұр Отан» және «Ақ жол» партияларының облыстық филиалдарымен, Жамбыл облыстық коммерциялық емес ұйымдардың ассоциациясы және Қазақстан Республикасы Журналистер одағының облыстық филиалымен бірге мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасу үшін өткізілетін конкурстық іріктеулерге қоғамның сенімін нығайту және белсенді ынтымақтастық орнату туралы меморандум қабылдады. Бұл туралы департаментте өткен брифингте Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы-Тәртіптік кеңестің төрағасы Болат Исақов таратып айтты. Ол, жергілікті БАҚ өкілдеріне биылғы бірінші жартыжылдықта облыстағы мемлекеттік органдардың 724 бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға конкурс жарияланғанын, конкурстарға 681 үміткердің қатысқандығын, олардың 360-ының сынақтан сүрінбей өткендігін жеткізді. Сонымен, нақтылы кезеңде аумақтағы мемлекеттік қызметшілер саны 5221 адамды құрап отыр. Олардың 6-уы саяси мемлекеттік қызметші, 17-сі «А» корпусына жататын мемлекеттік қызметші, 5198-і «Б» корпусы санатындағы мемлекеттік қызметші болып табылады.
Болат Әлмұханұлы мемлекеттік қызметшілердің гендерлік, сапалық құрамына және жас шамаларына, кадрлық резервтің жасақталуына, мемлекеттік қызметшілерді оқыту мәселелеріне де кеңінен тоқталып өтті. Сондай-ақ, департамент басшысы-Тәртіптік кеңестің төрағасы 2014 жылдың наурыз айынан бастап, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде азаматтардың тестілеуден өткендігі жөніндегі сертификаттарының түпнұсқалылығын анықтайтын онлайн-тексеру жүйесінің іске қосылғандығын, соның нәтижесінде агенттіктің арнайы айдарына тестілеуден өткен азаматтың ЖСН-ін енгізіп, оның тестілеуден өткен күнін, лауазымының санатын, тест тапсырған өңірін және «өтті/өтпеді» деген мәртебесін көруге болатындығын жеткізді. Брифингте Тәртіптік кеңестің есепті мерзімде атқарған жұмыс ауқымы туралы да журналистерге жан-жақты мәліметтер берілді. Үстіміздегі жылдың алғашқы алты айында Тәртіптік кеңестің мәжілісі 9 рет өткізіліп, онда 53 мәселе қаралыпты, 29 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылыпты. Олардың арасында облыстық деңгейдегі органдардың — 3, аудандық деңгейдегі органдардың — 3, мемлекеттік ұйымның 1 бірінші басшысы бар. Еліміздің «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңнамасы талаптарын бұзғандардың 1-еуіне ескерту, 3-еуіне сөгіс, 8-іне қатаң сөгіс, 15-іне қызметіне толық сәйкес еместігі жөніндегі ескерту, 2-еуіне қызметінен босату түріндегі тәртіптік жаза беріліпті. Тәртіптік кеңесте қаралып талқыланған мәселелерді талдау құқықбұзушылық қадамдардың көбінесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізуде, тұрғын үй және жер телімдерін бөлуде, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының құрылысы және жөндеу жұмыстары барысында жасалатындығын көрсеткен. Соған орай Тәртіптік кеңестің тарапынан құзырлы органдарға тиісті ұсыныстар енгізіліп, орындалуы қадағалауға алынған. Брифингте Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы-Тәртіптік кеңестің төрағасы Болат Исақов журналистердің қойған сұрақтарына жан-жақты жауап қайтарды.
Сапарғали Әлібай, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді