Облысымызда мемлекеттік орман қоры 4 млн 434 мың гектар алқапта орналасқан. Ормандарды қорғауды 14 орман иеленуші жүзеге асырады. Орман күзетінің басты міндетінің бірі – ормандарды орман өрттерінен қорғау. Орманның бірден-бір жауы өрт. Өрт орны толмас зиян келтіреді, орман алқаптарын аяусыз жояды, орманның рекреациялық, егіс-топырақ қорғау және су сақтау функцияларын бұзады. Орман өрттері негізінен адамдардың кінәсінен туындайды. Ол орманда жұмыс істейтін және демалатын туристердің, жидек және саңырауқұлақ терушілердің, балық аулаушылар мен аңшылардың отқа ұқыпсыз қарауының нәтижесінде болады. Өткен 2013 жылы облыстың мемлекеттік орман қоры жерінде ірі орман өрті орын ала қойған жоқ. Тек, Қосқұдық орман шаруашылығының мемлекеттік орман қорынан 5 гектар жайылымдық алқабын өрт шалды. Осыған орай облыстық орман шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің жазғы маусымға дайындықтарын, өртке қарсы жасалған іс-шараларына наурыз, сәуір айларында тексерулер жүргізді. Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері орман өрттері туындай қалған жағдайда олармен күресетін күштер мен құралдардың өзара іс-қимыл жоспарын әзірледі, оған аудан әкімдерінің және МОҚ жерлерімен шекаралас жатқан барлық заңды тұлғалардың және шаруа қожалықтарының жетекшілері тартылды. Осы іс-шаралар мақсатты қаржымен қамтамасыз етіледі және олардың орындалуына бақылау жүргізіледі. 2014 жылдың қаңтар айында «Мемлекеттік орман иеленушінің ормандағы өрт сөндіру станциясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 шілдедегі № 956 Қаулысына сәйкес орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінде қосымша 9 адамнан тұратын өрт сөндіру станциялары құрылды. Тағы бір айта кетерлік жайт, 2011 жылдан облысымызда «Қазәуеорманқорғау» РМҚК-ның тікұшағы әуеден бақылау жасауда. Қазіргі кезде тікұшақ базасы Мойынқұм ауданында орналасқан. Олар жаз маусымында күнделікті мемлекеттік орман қорын әуеден бақылау жасап, өрт шыққан жағдайда шұғыл орман шаруашылығы мекемелеріне өрт ошағының нақты орнын хабардар етіп отырады және өрт көлемі ұлғайып кетпеуі үшін өрт сөндіру жасақтарын өрт орын алған жерге тікұшақпен жеткізеді. Бұл қосымша өрт сөндіру жасақтары келгенше өрттің ұлғайып кетпеуіне тосқауыл қояды.
Әділ Жақыпов, облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бас маманы.
Ұқсас жаңалықтар
Атқарылған іс – арқалаған сенімді ақтайды
- Бүгін, 15:22
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
- Бүгін, 14:00
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді